Октябрьлықтар Мәуліт мерекесін атап өтті

Екі дүниенің сардары Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнін ел болып атап өту жылдағы дәстүрге айналған игі шараның бірі. Шарапаты мол ұлық мереке қазір ел көлемінде тойланып жатыр.

«Қарамырза» мешітінің ұйымдастыруымен Октябрь ауылында да қасиетті Мәуліт мекересіне арналған «Тағылым Пайғамбары» атты рухани кеш өтті.

Салтанатты шара Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолынан сыр шертетін «Адамзаттың ардақтысы» атты бейнероликпен ашылды.

DIGITAL CAMERA

Одан кейін аудан мешітінің бас имамы Халық қажы Қабиұлы және көршілес Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын кентінің имамы Омар Закарин барша қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезі, тағылымға толы өмірінен уағыз-насихат айтып берді.

DIGITAL CAMERA

Мәні мен мазмұны терең ауқымды шараға жиналған жамағат діндарлармен бірге ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтты. «Пайғамбарға хат» атты тәрбиелік маңызы зор тағы бір бейнероликті тамашалап, ерекше әсерге бөленді.

Кешті жүргізуші Әйгерім Сакен адамзаттың асыл тәжі болған Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмірі жайлы викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауабын тапқан көрермендер сыйлықпен марапатталды. Мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері мерекеге орай дайындаған тақпақтарын оқыса, жас әнші Дәулет Махмутов және «Беседушка» вокалдық триосы имандылыққа жетелейтін әсем әндерді көптеп шырқады.

Кеш барсында «Қарамырза» мешітінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Нұржамал Тұрсынбаеваға және «Жастар жылына» орай бір отбасыға сый-сияпат табыс етілді. Сонымен қатар мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Рухани мәжіліс соңында «Қарамырза» мешітінің бас имамы Серік қажы Салих асыл дініміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып, мешітке жәрдемдесіп жүрген бірқатар азаматтарға құрмет көрсетіп, алғыс хат табыс етті.

Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттерде: Мәуліт мерекесінен көріністер

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.