Октябрь ауылдық үлгілі кітапханасында Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өтті

Октябрь ауылдық үлгілі кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Қазақстан – ортақ еліміз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған әр түрлі ұлт өкілдері, Октябрь орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айман Бекмағанбетова құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді. Ол өз сөзінде өз Отанын, халқын, жерін сүйетін адам қоғамның баға жетпес байлығы екенін атап өтті.

Кітапханашы Галина Нагорных Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері туралы қысқаша ақпарат берді.

Октябрь ауылдық мәдениет үйінің маманы Гузалия Корнева, Октябрь орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айнұр Додай және Октябрь орта мектебінің өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Луиза Ашаев татулык, достық, Отанды сүю және патриоттық тәрбиесі туралы сөз қозғап, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ Есенгелді Жәнібеков ағамыз бен Қанжамал Агитова апамыз отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі қоғамда отбасының ролі туралы әңгіме өрбітті. Октябрь орта мектебінің педагог-психологы Татьяна Андреева тенинг ұйымдастырып, «Толерантнось» сөзінің мән мағынасын осы тренинг арқылы көрсете білді. Магомед Арсамаков ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатынын, еліміз ұлтаралық татулықтың арқасында қарыштап қадам басып, өркен жайып келе жатқанын айта келе, адам бойындағы асыл қасиеттер – сыйластық, кешірімшілдік, төзімділік пен еңбекқорлық екенін, осы мінезге өз-өзіңді тәрбиелеу арқылы жақсы қарым қатынаста өмір сүруге болатынын айтып өтті.

«Қарамырза» мешітінің имамы Серік қажы Салих жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерді ешқашан аямау керек екенін, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтып жүру, адам алғыс пен ризашылық естіген сайын жақсылық жасағысы келіп тұратынын сөз етті. Сонымен қатар, мешіттің ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж тұрғындарға жәрдем беру және ауыр диагнозы бар жандардың еміне ақша жинау мақсатында қолға алынған қайырымдылық шарасы туралы да сөз қозғады.

Жиналғандар тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.