Оқушылар арасындағы жарыс

Әскери-қолданбалы көпсайыстан бақ сынады

Қарасу орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай оқушылар арасында әскери-қолданбалы көпсайыстан жарыс өтті. Оған қатысқан 10-11 сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, өзара бақ сынады.

Шараның басты мақсатыжастарды патриоттыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, төзімділікке тәрбиелеу, әскерге шақырылатын жастардың дене тәрбиесін және техникалық даярлығын жақсарту.

Шараның ашылу салтанатында интернационалист-жауынгерлер Валерий Даньков патиоттық тәрбиенің мән-маңыздылығы туралы сөз қозғап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әскери-қолданбалы көпсайыс өзара жарыс сипатында өткізілді. Оның бағдарламасына саптық байқау, автоматты бөлшектеу және бөлшектерін жинау, кермеге тартылу, түрлі кедергілерден өту, армрестлинг, пневматикалық мылтықтан оқ ату және арқан тарту енгізілді.

Жарыс тартысты өтті. Оқушылардың жарысқа тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп-ақ тұрды. Жігіттерден кем емес күш жігерлерін бойға жинап, намысты қолдан бермеу үшін тер төккен арулар да қалыс қалып жатпады.

Жарыстың қорытынды есебіне келер болсақ, ең жоғарғы ұпай жинаған 10 сынып оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынға 11 «А» сынып, үшінші жүлделі орынға 11 «Б» сынып ие болды.

Жеңімпаз-жүлдегерлер арнайы грамоталармен марапатталды.

«Тәрбие – тал бесіктен» дейді. Егеменді еліміздің ертеңі – бүгінгі жастар. Сондықтан оларға патриоттық тәрбие беру – қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Дана халқымыз ежелден-ақ өскелең ұрпақтың отансүйгіш, елінің патриоты болып өсуіне баса мән берген.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

1 день ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

2 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.