Аудан орталығындағы «Нұр-Сәби» балабақшасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Оған аталмыш балабақшаның мектепке дейінгі даярлық сыныбының бүлдіршіндері, тәрбиешілер және ата-аналар қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту және Отанды сүюге, елжанды болуға тәрбиелеу.
Шара барысында бүлдіршіндер салтанатты түрде ортаға шақырылып, Мемлекеттік Әнұран шарқалды. Жүргізушілер тәуелсіздік туралы қысқаша түсінік беріп, сұрақ-жауап арқылы бүлдіршіндерді диалогқа тартты. Оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беріп, рәміздерімізді ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндірді.
Одан кейін балалар тәуелсіздік, Отан, туған жер туралы тақпақтарын жатқа оқып берді.
Бұдан кейін алдын ала дайындалған сценарий бойынша «Алдар көсе мен бай» ертегісіне сахналық көрініс қойылды. Көрініс барысында бүлдіршіндер түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін тереңдетті.
Бұдан бөлек, ән шашулар, би өнерлері ұсынылып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бүлдіршіндер ән салып, би билеп, өлең, тақпақтар айтып, естелік суреттерге түсті.
Аталмыш шара қызықты өтті. Балалар өздерін қызыққа толы әлемге келгендей сезінді. Мерекелік көңіл-күймен, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндерге көрермендердің демеуі де ерекше болды.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттерде: мерекелік шарадан көріністер
Палаточный стан «Экспедиция» стал ярким досуговым дополнением к уже действующим проектам на базе Железнодорожной школы.…
Это знаменательное событие проведено по инициативе семьи Турсуновых, которые организовали шахматный турнир как дань памяти…
Напомним, уникальный культпроект стартовал 5 июня во всех городах и районах области. (далее…)
Участников республиканского проекта связывают не только родственные узы, но и общее увлечение. (далее…)
В селе Павловское состоялось открытие спортивно-игровой площадки. (далее…)
В районной Службе пробации пояснили, что проведение уголовной и административной амнистии инициировано президентом страны в…
This website uses cookies.