Еркін күрестен аудандық турнир өтті
Аудан орталығындағы «Колос» жаттықтыру залында 2010 жылғы және одан кіші жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында еркін күрестен аудан турнир болып өтті.
Турнирге Қарасу, Восток және Новоселов ауылдарының спортшылары қатысты.
Спорттық шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында еркін күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі түрде шұғылдануға және достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Қай сайыста болмасын өз жеңімпазы, әлсізі мен күштісі іріктелетіні белгілі. Айталық, 20 келіде сынға түскен Илья Недайборщ турнир жеңімпазы атанды. 2-орынға Егор Молярчук тұрақтаса, 3-орынды Вячеслав Якимец иеленді. 23 келіде Михаил Зайцевтің бағы жанса, 2-орынға Данил Недайборщ, 3-орынға Карим Сексембаев табан тіреді. 26 келіде Данил Исюмбаев жеңіс тұғырынан көрінді. 2-орынды Амирхан Балгужин иеленсе, 3-орынды Валерий Вохмянин және Нұрлан Исюмбаев еншіледі. 29 келіде Кирилл Евтюхов жеңіске жетсе, 2-орынға Мадияр Темирхан қол жеткізсе, 3-орын Михаил Носенко және Иван Ошуркоға бұйырды. 32 келі салмақ дәрежесінде Ярослав Тяка турнир чемпионы атанды. Владислав Ли тұғырдың екінші сатысынан көрінсе, 3-орынды Ерсұлтан Тлемисов және Елхан Жанатай місе тұтты. 35 келіде бақ сынаған Хизат Исмурзиев жеңіске жетті. Никита Никитенко күміс жүлдені иеленсе, 3-орынға Максим Дубинин жайғасты. 38 келіде Аңсар Ертай бірінші орынды, 2-орынды Саян Алиев иеленді. +38 келі салмақта 1-орынды Ярослав Орлов, 2-орынды Бекзат Рашит еншіледі.
Жарыс соңында жеңімпаздар-жүлдегерлер арнайы грамоталармен марапатталды.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен бапкері Нұрсұлтан Баязитов
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.