«Мен – елімнің патриотымын»

Тәуелсіздік – кез келген ел үшін ең басты құндылық. Азат ел болу деген үлкен бақыт. Осыдан 28 жыл бұрын Қазақстан дербес мемлекет ретінде тұғырын тіктеді. Жер бәтінде Қазақстан деп аталатын дербес мемлекет пайда болды. Сөйтіп, шекарасы бекітілген, болашағы айқын азат елге айналып шыға келдік.

Тәуелсіздік – киелі де қастерлі. Егемендіктің арқасында еліміз еңсесін тіктеп, жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді. Еліміздің халықаралық аренадағы абыройы асқақтап, мәртебесі артып, беделі биіктеп, Қазақстанды төркүл дүние таныды. Ел экономикасының қай саласында болмасын өрлеу, өсу бар. Бұның бәріне Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан да тәуелсіздігімізді сақтап, құрметтеп, баршамыз тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына зор үлес қоуымыз керек.

Осыдан 28 жыл бұрын, яғни еліміз тәуелсіздігін алған жылы дүние есігін ашқан сәбилер – бүгінде егемен елмен бірге есейді. Олар – Тәуелсіздіктің төл құрдасы.

Сондай жастардың бірі – Нұрсұлтан Егеубаев.

– Мен еліміз тәуелсіздік алған жылы дүниеге келдім. Мен мұны мақтан етемін.

Тәуелсіздіктің құрдасы болу мен үшін үлкен мақтаныш. Тәуелсіздік күні – Ұлы мереке. Еліміздің әрбір азаматы үшін бұдан асқан қастерлі күн жоқ деп есептеймін. Өйткені ата-бабаларымыздың саң ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалып, елімізде азаттықтың ақ таңы атып, егемендікке қол жеткіздік.

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 28 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміз ауыр кезеңдерді артқа тастап, көптеген биік асуларды бағындырды. Мұның бәріне Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан да бүгінгі ұрпақ осы егемендігімізді көздің қарашығындай сақтап, бағалай білуіміз керек.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері көптеген жетістіктерге жетіп, іргелі ел дәрежесіне жетті. Қазақстан егеменді ел ретінде төрткүл дүниеге танылды.

Қазақстан әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылды. Ендігі мақсат – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру, осы жолда жастардың да қосар үлесі зор. Ел болашағы – жастар. Сондықтан да жастар мәселесі әрдайым қоғамның назарында. Мемлекет тарапынан жастар игілігі үшін көптеген бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда.

Құрметті жерлестер, баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік тұғыры берік болсын. Еліміз өсіп-өркендеп, егемен еліміздің ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болсын! Көк туын желбіреткен еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз, – дейді Нұрсұлтан Егеубаев.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.