Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген жас маман

Жастар – ел келешегі. Болашақта еліміздің өсіп-өркендеуі бүгінгі жас ұрпақтың қолында екені сөзсіз. Сондықтан да мемлекетіміз жастар саясатының дамуына барынша қолайлы жағдай жасап, әрдайым ерекше мән беріп келеді.

Елімізде жастарды қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл сөзімізге «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» секілді жобалар дәлел бола алады.

Бұл жобалардың ішінен «Дипломмен ауылға» бағдарламасын айрықша атауға болады. Аталған бағдарлама шеңберінде 176 750 теңге көлемінде бір реттік көтермеақы, баспана алу үшін 3 миллион 787 500 теңгеден бюджеттік несие беріледі. Осындай әлеуметтік көмектер жас мамандардың ауылда тұрақтануына оң септігін тигізіп отыр.

Біздің өңірде де «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

Оңтайлы бағдарламаның шарапатын көріп отырған жас мамандардың бірі – Орынкүл Досымханова.

Орынкүл Нұрлыбекқызы Аманкелді ауданының тумасы. Ол мектепті тәмамдаған соң Қостанай колледжіне аударма ісі мамандығына оқуға түседі. Кейін білім саласын таңдап, 2017 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін филалогия мамандығы бойынша тәмамдайды. Бүгінде Железенодорожный орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

– «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде жастарға көрсетіліп отырған қолдауға өте ризамын. Бұл бағдарламаның біз сияқты жастар үшін берері мол. Осы бағдарламаның аясында бір реттік көтермеақы алдым, тұрғын үй сатып алуға несие де берілді. Соның арқасында жағдаймызды жақсартып алдық, – дейді жас маман.

Ауылдағы қасиетті шаңырақ, алтын ұя – мектеп. Сондықтан болар, ұстаздардың еңбектері ерен, шексіз. Сондай-ақ үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Міне, осыны жақсы түсіне білген Орынкүл Нұрлыбекқызы жұмыс мазмұнын жаңартып, сабақ сапасын арттыруды басты мақсат етіп қойған. Шәкірттерінің білімге деген ынтасын, құштарлығын жетілдіруге бар күш-жігерін салып келеді.

Орынкүл – тұрмыста, өмірлік серігі Айдос Досымханов екеуі бүгінде 2 баланы тәрбиелеп отыр.

Орынкүлге жұмыста табыс, өз мамандығының білікті маманы болып, үлкен белестерге жетуіне тілектеспіз.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретте: Орынкүл Досымханованың сабақ беру барысы

Редактор

Recent Posts

О семенах, гербицидах и готовности техники говорили карасуские земледельцы на старте полевого сезона

В Карасуском районе прошло совещание с участием глав сельхозформирований и руководителей профильных учреждений. (далее…)

17 часов ago

День защитника Отечества в карасуском семействе Якимец отметили особо торжественно

Поводом для празднования государственного праздника Дня военнослужащих, обеспечивающих безопасность и защиту страны, стала служба сына…

6 дней ago

Как след от инопланетян. В Карасуском районе  появилась огромная земляная воронка посередине поля

Факт обнаружения большого углубления на землях сельхозназначения принадлежит местным жителям. (далее…)

1 неделя ago

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

2 недели ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.