«Мектепке жол» акциясы балаларға қуаныш сыйлады

Бүгінгі жас ұрпақ – ел ертеңі. Қазіргі заманда жас өрендердің сапалы білім алып, саналы азамат, білікті маман болып шығуына барынша назар аударып, жан-жақты жағдай жасауымыз керек. Өйткені мемлекетіміздің ертеңгі болашағы – білімді ұрпақтың қолында екені түсінікті.

Білімді ұрпақ – бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Келешекте еліміздің мәртебесін арттырып, ел экономикасын өрге сүйрейтін де бүгінгі өскелең ұрпақ.

Бүгінде болашақтың шырақшысы саналатын мұғалімдердің алға қойып отырған басты мақсаттары – білікті де білімді, алғыр, бастамашыл әрі патриотты азаматтарды тәрбиелеу.

Қазіргі таңда мемлекетіміз білім беру саласына айрықша көңіл бөліп келеді. Білім ошақтары күрделі жөндеуден өтіп, мектептер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, болашақтың тірегі – жастардың толыққанды білім алуына барлық жағдайлар жасалып жатыр.

Мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту – мемлекетіміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіліп келеді.

Көп балалы және тұрмысы жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз етуге бағытталған акцияға жыл сайын өз үлесін қосып, белсене қатысатын Қарасу аудандық мешітінің бас имамы Халық қажы Қабиұлы биыл да қайырымдылық шарасынан шет қалмай, жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға базарлықтарын үлестіріп берді.

Мешіт имамы Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі, Қарасу орта мектебі және Қараман орта мектебінде оқитын 10 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыс етіп, барлығы 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.

Мектеп оқушылары Халық қажы Қабиұлына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Қоғамда ата-анасыз, тұрмыс қауқары төмен, қамқорлыққа зәру отбасында өсіп келе жатқан балалар жоқ емес, бар. Сондықтан, олардың болашағына немқұрайлы қарамай, әлеуметтік көмек беріп, сабаққа барып, білім алуына өз септігімізді тигізейік.

Айта кетерлігі, бұрын қыркүйектің соңына дейін ғана жалғасатын «Мектепке жол» акциясы биылдан бастап жыл бойы өтеді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Карасуляне продолжают оказывать содействие нуждающимся в финансовой помощи семьям школьников

По информации районного отдела образования, на сегодняшний день более трёх сотен школьников удостоены внимания не…

2 дня ago

Карасуляне с большим избирательным стажем проявили активную гражданскую позицию

В числе избирателей, которые на протяжении не одного десятилетия реализуют своё право на выбор, житель…

6 дней ago

Карасуское сельхозпредприятие вышло на финишную уборочную прямую

В ТОО «Талды-К» хлебоуборочные работы проведены на 80% зерноугодий. (далее…)

1 неделя ago

На ремонт стелы и декоративную подсветку в Карасу выделят 9 млн тенге

UPD / Изменение:Редакция допустила неточность в описании локации объектов благоустройства и приносит свои извинения. Как…

1 неделя ago

В Карасуском районе идут работы по сносу заброшенных строений

Данное направление программы благоустройства реализуется во всех сельских округах Карасуского района, где имеются не используемые…

2 недели ago

This website uses cookies.