Маңызды мәселелер талқыланды

Аудандық мәслихаттың биылғы алғашқы сессиясы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы болып өтті. Оған аудан әкімі Виктор Радченко, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Жиынды ашып жүргізген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Разиха Төлегенова 10 қаңтар күні өткен сайлаудың қорытындысын жария етті. Ол өз сөзінде аудан бойынша тіркелген 14322 сайлаушының 11501-і дауыс бергенін, «Nur Otan» пар­тия­­сы – 9190 (81,5 пайыз) және «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 2086 (18,5 пайыз) дауыс жинағанын, сәйкесінше «Nur Otan» партиясы – 9, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 2 мандатқа ие болғанын атап өтті. Сондай-ақ, жаңадан сайланған мәслихат депутаттарын таныстырып, оларға депутаттық куәліктер мен төсбелгілер табыс етті.

Бұдан кейін мәслихат депутаты Виктора Ковальский жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың бірінші сессиясының төрағасы болып сайланып, жиынды одан әрі жалғастырды.

Жиын барысында қаралатын мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан қол­дау тауып, сессияның күн тәртібі бекітіл­ді.

Күн тәртібіндегі ал­ғаш­қы мәселе – мәслихат хатшысын сай­лау болды. Бұл ретті, халық қалаулыларының тарапынан мәслихат хатшысы лауазымына депутат Серік Қажиевтің кандидатурасы ұсыныл­ды. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыз­дан қолдап, Серік Қабланұлы Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Одан әрі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, тұрақты комиссиялардың құрамы, тұрақты комиссиялардың төрағаларын сайлау және «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы түрінде депутаттардың бірігуінің тіркелуі туралы мәселелер қаралды. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Балжақаев Қарасу ауданының 2021-2025 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы туралы баяндады.

Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағалығына мәслихат депутаты Қайрат Мұқановтың кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсынысқа депутаттар бірауыздан қолдау білдірді.

Жиын соңында аудан әкімі Виктор Радченко сөз сөйлеп, сайлаудың ұйымшылдықпен өткеніне тоқталып, саяси науқанның ойдағыдай өтуіне атсалысқан жандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ жаңадан сайланған депутаттар құрамына зор табыс тіледі.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.