Мұз айдыны жаңартылды

Басты мақсат – халықтың қысқы спортқа деген қызығушылығын арттыру

Осыдан екі жыл бұрын аудан орталығында ашылған «Қарасу арена» хоккей корты бүгінгі таңда тұрғындар жиі келетін орынға айналды. Жазда доп қуалап, ал қыста хоккей ойнауға арналған әмбебап нысанда қазір карантиндік шектеулерге байланысты жарыстар ұйымдастырылып жатқан жоқ. Бірақ, бұл спорт кешеннің есігіне қара құлып түсті деген сөз емес. Қазір мұнда коньки тепкісі келетін жандар үшін секциялар бекітілген кесте бойынша жұмыс істеп жатыр. Келушілерге барлық жағдай жасалған. Конькиді жалға алуға болады. Аяқ киім ауыстыратын бөлме де бар.

-Күн суытып, қыс басталысымен корттың жұмысын жандандыруға кірістік. Алдымен қар төсеп, оның үстіне су шашып, содан кейін мұз құйдық. Мұздың қалыңдығы 10 сантиметрге дейін жетеді. Коньки тебушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында мұз айдынын үнемі жаңартып отырамыз. Жуырда ғана беті жұқарған мұздың үстінгі қабатын тегістеп, оған 1 текше метр суды пайдаландық. Қазір мұздың сапасы жақсы. Біздің басты мақсатымыз – халықтың қысқы спортқа деген қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік беру, – дейді осы жұмыстың басы-қасында жүрген спорт маманы Абдраш Қазбеков.

Айта кетерлігі, секциялар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өтуде.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.