Әлеуметтік сала қызметкері  Күләш Сапабекқызының атқарып жатқан жұмысы жайында

Айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады.

Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет.

Əр зайырлы мемлекеттің дамуы халқының өмір сүру деңгейіне байланысты сараланады. Бұл орайда еліміз әлеуметтік міндетін айқындаған жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, Қарасу  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты әлеуметтік қызметкерлер жұмыстарын жүйелі атқаруда.

Солардың бірі – Новопавлов ауылдық округі ключевой ауылының тұрғыны Күләш Мәдиеваны ерекше айтуға тұрарлық. Жаны жомар, жүрегі мейірімге толы нәзік жан иесі бұл күнде құдай қосқан жары Әділхан Ғайнешев ағамызбен отау құрып, шаңырақ көтергендеріне 22 жыл толып отыр. Бұл күнде ардақты ана, асыл жар бола білген Күләш Сапабекқызы Әділхан ағамызбен 5 бала тәрбиелеп, ел қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

«Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге барынша жағдай жасау бағытында қолымыздан келгенді аямаймыз. Өйткені. Біздің қазақ елінде үлкеге құрмет, кішіге ізет көрсету бұрыннан қалыптасқан. Қазір менің қарамағымда 5 көмекке мұқтаж қария бар. Мен күнделікті солардың жағдайын жасап, қабақтарына қарап, тұрмыстарына қолғабыс етем. Өзім бұрыңғы медицина саласының қызметкері болғандықтан қарамағымдағы қарттардың басы ауырып, балтыры сыздай қалса дәрі-дәрмектерін беріп, қысымдарын өлшеп қолымнан  келгенше жәрдем көрсетем», – дейді әлеуметтік сала қызметкері Күләш Мәдиева.

Расында, қарттайған шағында өзгенің көмегіне зәру болып, төсекке таңылған жандарға көмек көрсетіп, қол ұшын созудың өзі бір ерілікке тең. Осы орайда Күләштің атқарып жатқан жұмысының қаншалықты маңызды екенін айтпсада түсінікті.

Отабысында әйел адамның үрелі қаншалықты маңзды екенін ескерсек кейіпкеріміз жұмысымен қатар бала-шағасын бағып-қағуғада уақыт тауып отыр. Өйткені, оның балаларының алды студент болса, соңғы егіз ұлдары мен кенже қызы мектеп оқушылары. Олардың жағдайын жасапғ, білім ордасына аттандыруда осы  Күләш Сапабекқызының мойнында.

«Қазір таңда қоғамда жан жанұялардың шаңырағы жиі  шайқалып жатқаны жасырын емес. Отбасы болған соң жауапкершілік жүгіде салмақты болатыны жасырын емес. Осыған  және кездескен қиындықтарға шыдамай ажырасып жатқандар меніңде жүрегімді қынжылтады. Бұл жерде бәріне түсіністікпен қарау керек», – дейді  Күләш Сапабекқызы.

8-наурыз халықаралық әйелдер күні нәзік жан иелері үшін мереке болса. Кейіпкеріміз үшін қатардағы жұмыс күні болып табылады. Өткені,  оның көмегіне қарап отырған жандардың жауапкершілік жүгі қайсар ана Күләш Сапабекқызы мойнында.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

В карасуском селе запустили завод по производству комбикормовой муки

Появление в Койбагаре важного объекта стало результатом взаимодействия казахстанского ТОО «Capital Harvest Trade» и китайской…

7 дней ago

Карасуское селение отказалось от употребления спиртосодержащей продукции

Белозёрка вошла в число безалкогольных сёл областного региона. (далее…)

2 недели ago

Продолжается работа по возврату незаконно выведенных активов в Карасуском районе

Все средства направляются на строительство и модернизацию социальных объектов. (далее…)

2 недели ago

Карасуское гидросооружение стало местом работы ведомственной комиссии

В регионе прошло расширенное заседание с участием сразу нескольких профильных ведомств. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.