Categories: Новости

Латынға көшу – уақыт талабы

Жиынға онлайн режимде қатысты

Жақында облыс әкімдігінде қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша республикалық ашық талқылау жиыны болып өтті. Оған аудан орталығындағы мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері және мектеп мұғалімдері онлайн режимде қатысты.

Жиынды облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова ашып, жүргізіп отырды.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы  Жанна Жарасбаева латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің А (акут) нұсқасын, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Айнұр Нұрбекова Ә (умлаут) нұсқасын, ал, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы филология магистрі  Айнұр Миркемелова латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің аралас (кирил-умлаут) нұсқасымен таныстырып, баяндама жасады.

Қатысушылар қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне байланысты бірлесіп жұмыс істеу жөнінде пікір алмасып, ой бөлісіп, өз ұсыныстарын білдірді.

Айта кетейік, жиын Қазақстан Республикасы Президентінің  латыннегізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев бекіткен «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша 2020–2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес өткізілді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.