Қоғамда қазақ жазуын кириллицадан латын әліпбиіне көшіру мәселесі жиі талқыланып жүрген тақырытардың бірі.
Осы тақырып төңірегінде тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Нұргүл Мұқановамен сұхбаттасқан едік.
– Нұргүл Мешітбайқызы, латын әліпбиіне көшуге сіздің көзқарасыңыз қалай?
-Қазіргі таңда бұл мәселе елімізде болып жатқан тарихи кезең сатыларының бірі болғандықтан, әрине, сыртта қалау мүмкін емес және оң көзқараспен қараймын. Халықпен санасады деген соң, әр адам өз пікірін білдіруге құқығы бар. Қалай қашсақ та, біз шындықтан, өз тарихымыздан ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Кезінде ел зиялылары, алаш азаматтары бастап кеткен ауқымды істі аяқтар кез келді деп ойлаймын. Бұл қадам бір жағынан, коммуникациялық кеңестікке жол ашса, сонымен қатар түбі бір түркі елдеріне біршама жақындаймыз.
– Латын әліпбиіне көшу біз үшін қаншалықты маңызды?
-Бұл сұраққа меннен бұрын қаншама ұлт жанашырлары нақты жауап беріп қойған. Алаш арыстары латын қарпін қабылдау азаттыққа апарар таза жол деп баға берген. Қазіргі таңда дұрыс па, дұрыс емес пе деп баға беретін мен емес. Мен тек елім, жерім деп еңіреп, халқы үшін өз жандарын қиып кеткен арыстардың ойын жалғастырушы қазіргі таңдағы тіл жанашырларын қолдаушылардың бірімін. Және сол үшін еңбек етуге дайынмын.
– Кириллицадан латынға ауысудың тиімділігі мен артықшылықтарына тоқталсаңыз.
-Осы жерде айта кетпеске болмас, бір маңызды пікір бар. Латын әліпбиіне көшсек, онда қазақ тілін үйрену қиындайды дейтіндер де бар. Бұл дұрыс емес пікір. Тілді меңгеру әр дамның өзіне байланысты. Ең бастысы, талап пен ниет дұрыс болу керек. Ал, маңыздылық пен тиімділікке тоқталсақ, латын әліпбиі бұл біздің тәуелсіз ел ретіндегі өзіндік еркін таңдауымыз. Бұл таңдау тіліміздің төл табиғатын сақтау, түркілік тұтастыққа жету, әлемдік ақпарат кеңістігіне ену үшін жасалған қадам. Ендеше бұл стратегиялық қадамның дұрыс – бұрыстығын емес, оны орайымен орындаудың амалдарын қарастырғанымыз абзал болмақ. Нақтырақ айтсам, кезінде жазу емлесінде жіберілген орайсыздықтар жөнге келтіріледі және қазақ тілі үшін тән емес басы артық дыбыстар алынып тасталады.
-Латын әліпбиіне көшуге әзірміз бе?
-Қандай да болмасын ұлттың жазуы, әліпбиі сол халықтың рухани және мәдени өсуімен қатар даму деңгейін көрсететін аса зор әлеуметтік мәні бар құбылыстың бірі. Сұхбаттың басында айтқанымдай, қазір біз елімізде болып жатқан тарихи өзгерістердің куәгеріміз. Тарих беттерiне үңiлсек, жазу, әлiпби мәселесi ауық-ауық пiкiрталас тудырып отырған күрделi мәселенiң бiрi болып саналды. Енді пікірталас неге туындайды деген сұрақ тұр. Қазір елімізде латын әліпбиіне көшуге қарсы, латын әліпбиіне көшуді қолдайтын және не болса ол болсын деген үш тарапта ойлайтын халық қалыптасты. Міне, ең маңызды мәселе осы. Соза берсең, созыла беретін жағдай ғой. Еліміздің мемлекеттік тілге көшу мәселесі аттай отыз жылға созылды. Әлі тоқ етері шықпай тұр ғой. Әзірміз деп, бірден көшіп кеткен дұрыс болатын шығар. Қазбалай берсең шыға береді. Әр адам – мен осы елдің бір бөлшегімін, мен елімнің, ұрпағымның болашағы үшін қолымнан келгенімді жасаймын деген ойда болса, ештеңе жоқ, басқа елдер құсап біз де көшке ілесіп кетеміз деп есептеймін.
-Тілдерді оқыту орталығында латын әліпбиіне көшу бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
-Қазақ тілін латын графикасына көшіру жолында орталықта көптеген іс – шара атқарылып келеді. Осыған орай, орталықтың арнайы жоспары құрылды. Біздің басты міндетіміз – жүктелген барлық тапсырмаларды уақытында орындап, нәтижеге қол жеткізу. Орталықта аталған тақырыпта көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Тоқтала кетсек, аудан мұғалімдерінің қатысумен семинарлар өткізіп келеміз. 2018 жылдан бері тұрақты ауқымды екі жоба: «Біз қазақша сөйлейміз», «Жаңаша жазамыз» шаралары іске асырылып келеді. Сонымен қатар, тілдерді оқыту орталығының әдістеме бірлестігі жаңа бағдарламаға сәйкес оқу-әдістемелік құралдар (әліпби, ақпарат парағы, буклеттер) әзірлеп, сабақтар барысында қолданысқа енгіздік. Барлық атқарылған жұмыстар әлеуметтік желіде ашылған орталықтың арнайы парақшаларында жарияланып тұрады.
-Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Жаңабай АХМЕТОВ
Свою карьеру он начинал именно в Карасуском районе (далее…)
В рамках государственной программы реализованы сразу несколько значимых проектов (далее…)
В регионе прошёл XXXVII областной фестиваль-конкурс народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!» (далее…)
Между райцентром и близлежащим селом опять ходит рейсовый автобус. (далее…)
Сельхозформирования Костанайского региона официально завершили уборку зерновых культур. (далее…)
В библиотечной гостиной прошла встреча ветеранов спорта и младой спортивной поросли. (далее…)
This website uses cookies.