Халықты жұмыспен қамту – басты мақсат

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының берері мол

Бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – жұмыссыздық. Бұл бағытта елімізде халықты жұмыспен қамту мақсатында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар жұмыссыздықты азайтуға зор ықпалын тигізуде.

Мәселен, халықты жұмысқа орналастыру мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынып жатқан жұмыстар аз емес. Мемлекет басшысы бекіткен бұл бағдарлама еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Біздің ауданда да аталмыш бағдарлама сәтті іске асуда.

Биыл аудан бойынша 7 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Айталық, аудан орталығында 320 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектептің құрылысы қолға алынады. «Достық» стадионына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Октябрь және Железнодорожный ауылдарында су құбыры желілерін қалпына келтіру жұмыстары осы жылға белгіленіп отыр. Бұдан бөлек, Железнодорожный ауылындағы бір көшеге және Қойбағар ауылында екі көшенің жолдарына орташа жөнеу жұмыстары жүргізілмек.

Осы жобалар толық іске асса, 543 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Осыған орай жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 271 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр

Бүгінде мемлекет тарапынан жұмыссыздыққа қарсы күрес күшейіп келеді. Сондықтан мемлекет, қоғам болып жұмылып жатқан уақытта ешкім қолдау-көмексіз қалмайды.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суретті ұсынған ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.