Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан болашақ жастарды тәрбиелеу мақсатында аудан мектептерінде көптеген игі іс-шаралар атқарылуда.
Мәселен, Герцен негізгі мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы құрастырылған «Тəрбие жəне білім» кіші бағдарламасы аясында «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты біріккен сынып сағаты шеңберінде «Время на важное» тақырыбында сабақ өтті. Мектеп мұғалімі Сара Каримованың ұйымдастыруымен өткен шараға 5-9 сынып оқушылары қатысты.
Сабақ барысында оқушылар «Отбасы құндылықтары» тақырыбында өз жобаларын қорғап, видеоролик тамашалады.
«Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейтін ата-бабамыз өскелең ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болып өсуіне баса назар аударған.
Бүгінде отбасы институты деңгейін көтеру және қоғамда отбасы құндылығының мәртебесін арттыруға үлкен мән берілуде. Өйткені еліміздің мызғымас беріктігі ондағы жанұялардың бақытты, саламатты болуына тікелей байланысты.
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.