Ерлік мәңгі ұмытылмас!

Басты мақсат – өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие беру

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ел болашағы – жастардың қолында. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейтін ата-бабамыз өскелең ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болып өсуіне баса назар аударған.

Өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие беру мақсатында аудан мектептерінде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен, Ильичев орта мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде құрастырылған «Тəрбие жəне білім» кіші бағдарламасы аясында қолға алынған іс-шаралар ауқымы кең. Айталық, мектепте жыл басынан бері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құрметтеуге арналған флешмобтар, зерттеу жұмыстары, бейнероликтер жасау, мұражай қабырғасын безендіру және басқа да түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында мұражай қабырғасы әскери жылдардың фотосуреттерімен, «Мәңгілік алау» макетімен және мерекенің символикасымен безендірілді.

Сынып жетекшілері Ұлы Отан соғысында көрсеткен майдангерлердің ерлік істерін қастерлеп, үлгі-өнеге тұту үшін ерлік сабақтарын өткізді. Сабақтарда оқушылардың патриотизм сезімін қалыптастыру және жеңісті жақындату үшін жанқиярлықпен шайқасып, қан майданнан оралмай, майдан даласында қаза болған боздақтарымызды еске алу үшін әскери жетекші Р.Е. Истулин дайындаған «Батырларға мәңгілік естелік» атты бейнеролик көрсетілді. Оқушылар сабақ барысында халықтың басына күн туып, ел іргесіне жау шапқан тұста қолына қару алып, қан майданға аттанған жауынгерлердің ерліктері, өз ауылдарынан шыққан майдангерлердің атақ-даңқы және жеңістің қандай қиындықпен келгені туралы танып білді. Басты мақсат – жас ұрпақтың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, өз халқына деген мақтаныш сезімін ұялатып, патриотизмге тәрбиелеу.

Зерттеудің нәтижесі бойынша, Комсомол ауылында ҰОС қатысқандары саны 25 адамды, ал тылда еңбек еткендер 16 адамды құрайды. Сұрапыл соғыстың от жалынынан өтіп, Отан үшін от кешіп, қан майданда қайтпас ерлік көрсеткен майдангерлер ұмытылмауы тиіс. Олардың ерлігі – мәңгілік.

Мұражай қабырғасын безендіруде мектеп директоры Базарбай Қатпенов барынша үлес қосып, үлкен жұмыс атқарды. Вячеслав Щербаков демеушілік көмек көрсетті. Мектеп ұжымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, игі іске ұйытқы бола білген Базарбай Қатпенов пен Вячеслав Щербаковқа шын жүректен алғыс білдіреді.

Отан үшін қан төгіп, елді жаудан қорғаған майдангерлеріміздің өшпес ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек. Біз олардың ерен ерліктерін, туған жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, құрметпен қарауымыз керек. Осы арқылы өселең ұрпақты аса жоғарғы құндылық – патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке баулимыз. Осы арқылы біз әр баланың тұлғасын, біздің артымыздан келе жатқан жаңа ұрпақты қалыптастыру үшін берік іргетас қалаймыз.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

4 дня ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

1 неделя ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.