«Еркін елдің ұланымын»

Тәуелсіз елдің төл құрдасы Серік Умаровтың бағындырар белесі алда…

Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі де киелі құндылығы. Талай ғасырлар бойы кең байтақ жерімізді көздің қарашығындай сақтап, жаудан қорғап келген ата-бабаларымыз азаттық ақ таңын аңсап өтті.

Тәуелсіздік үшін күресіп, шыбын жанын шүберекке түйген бабаларымыздың тілеген арманы орындалып, 1991 жылы азаттық таңы арайлап атып, егеменді елге айналдық. Осы теңдессіз байлыққа қол жеткізіп, еліміздің еңсе тіктеп Тәуелсіздік алғанына 29 жыл толғалы отыр.

Дербестіктің көк туы желбіреген жылы дүние есігін ашқан сәбилер тәуелсіздікпен бірге есейіп, бүгінде әртүрлі салада қызмет атқарып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Сондай жастардың бірі Серік Умаровпен кездесіп, әңгімеге тартқан едік.

Еліміз егемендік алған жылы дүние есігін ашқан Серік Темерғалиұлы тепсе темір үзетін тұлғалы жігіт. Азат елмен бірге есейген ол бүгінде ішкі істер бөлімінде жұмыс істеп, елдің ішкі тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қалтқысыз қызмет атқарып келеді. Өзінің табанбылығы мен еңбекқорлығының арқасында өмірден өз орнын таба білген азамат шаңырақ көтеріп, бүгінде бір жанұяның отағасы атанып отыр. Оның алға қойған мақсат, арманы айқын.

Ең бастысы – отбасының мықты тірегі болып, жақсы ұрпақ тәрбиелеп, адал еңбек ету.

– 1991 жылы елімізде еркіндіктің туы желбіреп, егеменді ел атандық. Бұл халқымыз үшін қуанышқа кенелген тарихи сәт болатын. Төбеміз көкке жетіп, ғасырлар бойы аңсаған арман орындалған жылы мен дүниеге келген екенмін. Тәуелсіздіктің төл перзентімін. Тәуелсіздіктің құрдасы болу – мен үшін мақтаныш әрі үлкен мәртебе.

Әрине, тәуелсіздік алған жылдары еліміз бірден аяққа тұрып кете қойған жоқ. Ол кезде ел экономикасы құлдырап тұрған кез болатын. Сондықтан мемлекетімізді нығайту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Тоқырау кезеңдерді артқа тастап, бүгінде айбынды мемлекетке айналдық. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз биік белестерді бағындырып, қарыштап дамып келеді. Қай салада болмасын тың серпіліс, өзіндік даму бағыты бар.

Тәуелсіздік жылдары елдің ынтымақ-бірлігі артып, халқымыздың тұрмысы жақсарып, мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп келеді. Осындай елде ер жетіп, керекті білімімді алып, бүгінде аяққа тұрдым.

Елімізде жастарды қолдау мақсатында көптеген бағдарламалар қабылданып, игі істер атқарылып жатыр.

Құрметті жерлестер, баршаңызды алдағы Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік тұғыры берік болсын. Еліміз өсіп-өркендеп, егемен еліміздің ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болсын! Көк туын желбіреткен еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, толағай табыстар тілеймін, – дейді Серік Умаров.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Прославленный артист Абдибек Божаков отметил 70-летний юбилей

Свою карьеру он начинал именно в Карасуском районе (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе продолжается реализация программы «Ауыл – Ел Бесігі»

В рамках государственной программы реализованы сразу несколько значимых проектов (далее…)

1 неделя ago

Карасуские самодеятельные артисты продемонстрировали своё мастерство

В регионе прошёл XXXVII областной фестиваль-конкурс народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!» (далее…)

2 недели ago

Маршрут Карасу-Восток вновь стал действующим

Между райцентром и близлежащим селом опять ходит рейсовый автобус. (далее…)

3 недели ago

1/6 часть в областном зерновом каравае принадлежит карасуским аграриям

Сельхозформирования Костанайского региона официально завершили уборку зерновых культур. (далее…)

3 недели ago

Встречей-признательностью отметили День тренера карасуские спортсмены

В библиотечной гостиной прошла встреча ветеранов спорта и младой спортивной поросли. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.