«Елімнің дамуына өз үлесімді қосамын»

Тәуелсіздің – қастерлі ұғым. Осынау ұлан-ғайыр жерімізді жаудан қорғап, көздің қарашығындай сақтап қалған бабаларымыз азаттық таңын аңсап өтті. Сондықтан да Тәуелсіздік – баға жетпес ең басты құндылығымыз.

Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған арманға 1991 жылы 16 желтоқсанда қол жеткіздік. Төбеміз көкке жетіп, ата-бабамыздың арманы шындыққа айналды.

Әрине, тәуелсіздің алған жылдары еліміз бірден аяққа тұрып кеткен жоқ. Ол кезде ел экономикасы құлдыраған кез болатын. Сондықтан мемлекетімізді нығайту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Тоқырау кезеңдерді артқа тастап, бүгінде айбынды мемлекетке айналдық.

Тәуелсіздік алғалы еліміз биік белестерді бағындырып, қарыштап дамып келеді. Қай салада болмасын тың серпіліс, өзіндік даму бағыты бар. Тәуелсіздік жылдары елдің ынтымақ-бірлігі артып, халқымыздың тұрмысы жақсарып, мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп келеді.

Осыдан 28 жыл бұрын, яғни дербестіктің көк туы желбіреген жылы дүние есігін ашқан сәбилер Тәуелсіздікпен бірге есейіп, ержетіп келеді. Олар азат еліміздің құрдастары. Сондай жастардың бірі – Ерғазы Молдаш (суретте).

-Мен – Тәуелсіздік құрдастарының бірімін. Еліміз тәуелсіздік алған жылы дүниеге келгенімді мақтан етемін. Бұл менің басыма қонған бақ деп білем. Еліміздің алға басқан әр қадамы маған ерекше жігер береді. Биыл Қазақстан халқы ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығын атап өтеді. Егемендік алғаннан бері еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Бүгінгі жастар – тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Осыны ескерсек, алда ел тынысын кеңейтуге өз үлесіміді қосқым келеді. Тәуелсіздік тұғыры нығая берсін. Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей берсін, – дейді кейіпкеріміз.

Ерғазы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Оқу орнын 2013 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдап, келісім-шарт бойынша ауылдық жерге жолдама алыпты. Бүгінде Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің шене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда.

– Мемлекетіміз жас мамандарды қамқорлыққа алып, арнайы «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасын енгізді. Қазіргі таңда оның игілігін көріп жатқан жастар көп. Осы бағдарламаның аясында бір реттік көтермеақы алдым, тұрғын үй сатып алуға несие де берілді. Соның арқасында жағдаймызды жақсартып алдым, – дейді жас маман.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

24 часа ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

2 дня ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

5 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.