Егіс алқаптары ұлғайып келеді

Биыл аудан бойынша 723,939 мың гектарға алқапқа дәнді дақылдар егу жоспарланып отыр

Міне, көктем мезгілі де бел ортасынан асты. Енді санаулы күндерден кейін егіс даласында жұмыс қыза бастайды. «Көктемнiң әр күнi – жылға азық» дейді. Сондықтан, диқангер қауым қашанда тірлігін қамдап, қара жердің берер рыздығына ниеттеніп, қапы қалмаудың қамын жасап қалатын шақ осы.

Осы ретте аудан диқандары «ерте қамданғанның есесі кетпейді» деген қағиданы ұстанып, биылғы егіс науқанына әзірленуде. «Не ексең, соны орасың» деген бар.

Ресми деректерге сүйенсек, биыл аудан бойынша 723,939 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Оның ішінде: 628,056 гектарға дәнді, 58,000 мың гектарға майлы, 2,190 мың гектарға бұршақ дәнділер, ал 37,800 мың гектарға мал азығы дақылдары егіледі.

Атап айтсақ, 516,677 мың гектар алқапқа бидай, 91,218 мың гектарға арпа, 1,366 мың гектарға жарма дақылдар және 1,316 мың гектарға тары егу көзделуде. Бұдан бөлек, 0,700 гектарды бұршақ, 1,290 мың гектарды азықтық жасымық, 0,200 гектарды ноқат қамтиды. Сонымен қатар, 1,797 мың гектарға күнбағыс, 35,560 мың гектарға зығыр, 16,231 мың гектарға мақсары, 4,412 мың гектарға қыша себілмек. Сондай-ақ, 29,968 мың гектар жерге бір жылдық шөп, 12,456 мың гектарға судан шөбі, 7,532 мың гектарға көп жылдық шөп, 0,300 гектарға сүрленген азық, 0,300 гектарға жүгері егу көзделіп отыр.

Жалпы жыл сайын көктемгі егіс науқанының қарбаласы үлкен дайындықты қажет ететіні белгілі. Осы орайда, егін шарушылығымен айналысатын аудан диқандарының науқанға дайындығы ойдағыдай жүріп жатыр.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет газеттің мұрағатынан алынды

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.