Денсаулық күніне арналған спорттық шара

Спорт – денсаулық кепілі. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен тұрақты айналысатын адамның денсаулығы мықты болары сөзсіз.

Өңірде бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Мәселен, ауданның 80 жылдығы мерейтойында «Қарасу арена» жабық хоккей корты ел игілігі үшін пайдалануға берілген болатын. Бүгінде бұл нысан спортты серік еткен жандардың жиі келетін орнына айналды.

Денсаулық күніне орай «Қарасу арена» жабық хоккей кортында Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің оқушылары, ұстаздары және ата-аналары арасында «Көңілді старттар» атты спорттық сайыстар өткізілді.

Сайыстың басты мақсаты – дене тәрбиесіне деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, бос уақытты жаттығу түрлеріне арнауға үйрету және ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Жарыс салтанатты түрде ашылды. Еліміздің әнұраны орындалып, аталған мектеп оқушыларының қимылдарын қайталайтын спорттық жаттығулар болды.

Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің директоры Айгүл Арғынғазина құттықтау сөз сөйлеп, жиналған көпшілікті Денсаулық күнімен құттықтап, барлығын осындай іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.

Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай «Бастауыш сыныптар» және «Орта буын» болып екі топқа бөлінді. Бастауыш сыныптар арасында «Болашақ», «Тұлпар» және «Алғыр» тобы өзара бақ сынады. Ал, орта буында «Бірлік», «Қыран» және «Достық» ата-аналар мен мұғалімдер тобы сайысқа түсті.

Бастауыш сыныптардың оқушылары фишкалар арасынан топпен жүгіру, қаппен секіру, таяқшамен жүгіру, топпен секіру, бір орында тұрып жоғарыдан және аяқтың екі ортасынан допты өткізу, обручқа доп салу, допты кедергілер арасынан алып өту, «кім жылдам?», допты арқамен алып жүру, арқан тартыс және бұқа тартыс ойындары бойынша сайысқа түсіп, қызықты ойын өрнегін көрсете білді.

Орта буын «Таяқшамен жүгіру», «Сұрақ-жауап», «Допты кедергілер арасынан алып өту», «Бір орында тұрып жоғарыдан және аяқтың екі ортасынан допты өткізу», «Топпен секіру», «Газет жырту», «Допты аяқпен тебу арқылы алға қарай фишкаға тигізу», «Допты қолмен соғу», «Себетке допты салу», «Фишкалар арасынан топпен жүгіру» және «Өзеннен қайықпен өту» сынақтарынан өтті. Ептілігімен көзге түскен топтарға жанкүйерлер де қолдау көрсетті.

Сайысқа Айгүл Арғынғазина, Қымбат Токубаева, Жұмакүл Болат және Қарлығаш Самартаева қазылық жасады.

Жарыс қорытындысына келер болсақ, Бастауыш сыныптардың арасындағы бәсекеде «Болашақ» тобы 1 орынға, «Тұлпар» тобы 2 орынға, «Алғыр» тобы 3 орынға ие болды. Ал, орта буында ойнаған командалар арасында суырылып алға шыққан «Достық» тобы 1 орынды, «Қыран» тобы 2 орынды, «Бірлік» тобы 3 орынды иеленді.

Мектептің өнерлі өрендері ән салып, флешмоб ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салды.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерде: спорттық сайыстан көріністер

Суреттерді ұсынған Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі

Редактор

Recent Posts

В Карасуском районе представили нового главу

Распоряжением акима Костанайской области от 15 мая 2024 года по согласованию с Администрацией Президента РК…

15 часов ago

На территории Карасуского района продолжает действовать режим чрезвычайной ситуации природного характера

Напомним, введён он 5 апреля из-за гидроопасности от талых вод и разлива местных водоёмов. (далее…)

1 день ago

Глава крупного агрохолдинга выступил инициатором видоизменения духовного центра села Карасу

С таким обращением руководитель ТОО «Карасу-Астык» Алмат Турсунов выступил на недавно прошедшем совещании, где в…

2 дня ago

О семенах, гербицидах и готовности техники говорили карасуские земледельцы на старте полевого сезона

В Карасуском районе прошло совещание с участием глав сельхозформирований и руководителей профильных учреждений. (далее…)

3 дня ago

День защитника Отечества в карасуском семействе Якимец отметили особо торжественно

Поводом для празднования государственного праздника Дня военнослужащих, обеспечивающих безопасность и защиту страны, стала служба сына…

1 неделя ago

Как след от инопланетян. В Карасуском районе  появилась огромная земляная воронка посередине поля

Факт обнаружения большого углубления на землях сельхозназначения принадлежит местным жителям. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.