«Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында өткен акция

Октябрь ауылында «ШахНур» жекпе-жек спорт клубының бапкері Шахбоз Халметовтың бастамасымен, аталған спорт клубының шәкірттерінің ата-аналарының атсалысуы және дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Тұрсынғали Мұхаметжановтың қолдауымен «ШахНур коронавирусқа қарсы» атты акциясы өткізілді.

«Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында өткізілген шара коронавирус пандемиясымен күресудің алдын-алу мақсатында ұйымдастырылды.

Акцияны ұйымдастырушылар қарттар мен тұрмысы төмен отбасылардың үйіне арнайы барып, оларға бірінші кезекте қажетті азық-түлік салынған пакеттер таратты.

Акцияны ұйымдастырушылар қарттарды және тұрмысы төмен отбасыларды қамқорлыққа алып, олардың хал-жағдайын сұрап, әрдайым қол ұшын беруді парыз санайды.

Жасыратыны жоқ, қазір сананы тұрмыс билеген заман. Ал, біздің қоғамда қамқорлыққа зәру жандар жоқ емес. Сондықтан, бұл акцияға өзгенің тағдырына бей-жай қарамайтын барлық жан үлес қосса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.