Елімізге белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бастаған «Біз біргеміз» челлендж-бастамасына қарасулықтар да қолдау білдірді. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов және жергілікті еріктілер Восток ауылының тұрғыны, зейнеткер Ұлпан Майленованың үйіне барып, қарт әженің ауласын қалың жауған қардан тазалап берді.
Биылғы қыс жылдағыдан ерекше. Қар әдеттегіден қалың түсті. Жауған қар бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда екі-үш есеге артық. Осындай келеңсіз жағдай орын алып жатқанда қарттарға қол ұшын созып, көмек көрсету, әрине, құптарлық іс.
Өз тарапынан Ұлпан әжеміз кейінгі ұрпақтың үлкендерге деген құрметіне риза болып, шексіз алғысын білдірді. Челленджге қатысушылар қарттарға қашанда көмек көрсетуге дайын екендіктерін аңғарта білді.
2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Сондықтан бұл бастаманы басқа да еріктілер қолдайды деген ойдамыз.
Жаңабай АХМЕТОВ
В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)
В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…
Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…
This website uses cookies.