Белгілі ұстаз Сергей Ахметовты еске алуға арналған жарыс биыла өз жалғасын тапты

Қарасу ауданында талай дарынды шәкірттерді тәрбиелеп, артында өшпес із қалдырған ұстаздар баршылық. Солардың бірі Сергей Ахметов ағамыз десек қателеспейпіз. Ол 20 жыл бойы Октябрь орта мектебінде директор қызметін атқарып, бар өмірін оқушыларға арнап, мектептің және ауданның дамуына белсенді атсалысқан азамат еді.

Осыған орай білікті ұстаз, іскер басшы  Сергей Оразбайұлының өзі басшылық еткен ұжымы жыл сайын оның құрметіне баскетбол еске алу турнирін ұйымдастыруды дәстүрге айландырған болатын.

Тартысты өткен турниердің ашылу салтанатына ұлағатты ұстаздың етжақындары қатысып, жүрек жарды лебіздерін біліріп, естеліктерімен бөлісті.

Ондан кейін  байрақты бісекенің тізгіні жарысқа төрелік ететін мамандардың қолына табысталды. Атап айтатын болсақ, туриердің бас қазысы Е. Курманов, бас хатшысы Турсунғали Мухаметжанов, білікті спорт саңлақтары Александр Татаренков,  Александр Журавлев және Владислав Геворкяндер жарыс көркін қыздыратын командыларды анықтап, өз бағаларын берді.

Дәрстүрлі турнирге биыл Железнодорожная ОМ, Шолақшы ОМ, Қойбағар ОМ, Московская ОМ, Ақмола облысының құрамасы  Октябрь ОМ командылары қатысты.

Ерекше атап өту қажет, аталмыш жарыста басқалардан қара үзіп оқ бойы озық шыққан  Октябрь орта мектебінің ұлдар мен қыздар құрамасы турнир чемпионы атанды. Ал жүлделі екінші орынды Шолақшы орта мектебінің ұлдар мен қыздар құрамасы иеленсе, үшінші орындарды  Станционная орта мектебінің ұлдар құрамасы мен Железнодорожная орта мектебінің қыздар құрамасы бөлісті.

Сондай-ақ,  Октябрь орта мектебінің оқушылары  Жаңагүл Рахметова мен Владимир Мельников турнирдің үздік ойыншылары атанды.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.