Қарасу ауданында талай дарынды шәкірттерді тәрбиелеп, артында өшпес із қалдырған ұстаздар баршылық. Солардың бірі Сергей Ахметов ағамыз десек қателеспейпіз. Ол 20 жыл бойы Октябрь орта мектебінде директор қызметін атқарып, бар өмірін оқушыларға арнап, мектептің және ауданның дамуына белсенді атсалысқан азамат еді.
Осыған орай білікті ұстаз, іскер басшы Сергей Оразбайұлының өзі басшылық еткен ұжымы жыл сайын оның құрметіне баскетбол еске алу турнирін ұйымдастыруды дәстүрге айландырған болатын.
Тартысты өткен турниердің ашылу салтанатына ұлағатты ұстаздың етжақындары қатысып, жүрек жарды лебіздерін біліріп, естеліктерімен бөлісті.
Ондан кейін байрақты бісекенің тізгіні жарысқа төрелік ететін мамандардың қолына табысталды. Атап айтатын болсақ, туриердің бас қазысы Е. Курманов, бас хатшысы Турсунғали Мухаметжанов, білікті спорт саңлақтары Александр Татаренков, Александр Журавлев және Владислав Геворкяндер жарыс көркін қыздыратын командыларды анықтап, өз бағаларын берді.
Дәрстүрлі турнирге биыл Железнодорожная ОМ, Шолақшы ОМ, Қойбағар ОМ, Московская ОМ, Ақмола облысының құрамасы Октябрь ОМ командылары қатысты.
Ерекше атап өту қажет, аталмыш жарыста басқалардан қара үзіп оқ бойы озық шыққан Октябрь орта мектебінің ұлдар мен қыздар құрамасы турнир чемпионы атанды. Ал жүлделі екінші орынды Шолақшы орта мектебінің ұлдар мен қыздар құрамасы иеленсе, үшінші орындарды Станционная орта мектебінің ұлдар құрамасы мен Железнодорожная орта мектебінің қыздар құрамасы бөлісті.
Сондай-ақ, Октябрь орта мектебінің оқушылары Жаңагүл Рахметова мен Владимир Мельников турнирдің үздік ойыншылары атанды.
Мешіт Ғазизұлы
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.