«Байғұл» шаруа қожалығының жүлдесі үшін волейболдан облыстық ашық турнир өтті

Жуырда Наурыз мейрамына орай, октябрьлықтар спорттық шара ұйымдастырды. «Байғұл» шаруа қожалығының жүлдесі үшін ерлер арасында волейболдан жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін турнир биыл алғаш рет облыстық ашық деңгейде өткізілді

Осымен он төртінші рет өткізілгел жарысқа Қостанай облысының МКҚБ командасы, Арқалық, Рудный, Есіл қалалары, Қамысты ауданы және Жангелдин ауданының Торғай, Қызбел ауылдарымен қатар, Тараз қаласы, СҚО Новоишим кенті және «Железнодорожное АМФ» ЖШС командалары қатысып, жүлделі орындарды өзара сарапқа салды. Жарыс Железнодорожный ауылындағы жаңадан салынған «Триумф» спорт кешенінде өтті.

Турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту.

Турнир салтанатты түрде ашылды. Алдымен ҚР Әнұраны орындалып, одан кейін «Железнодорожное АМФ» ЖШС директоры Максим Артемук, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Саутпаев, «Байғұл» шаруа қожалығының басшысы, турнирдің демеушісі Асқар Қошқаров, спорт ардагерлері Анатолий Коршуков және Григорий Коваленко құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқарамасының бастығы, полковник Данияр Жұмабаев та ізгі тілегін білдіріп, жарысты ұйымдастырушыларға волейбол добын тарту етті. Турнирдің бас төрешісі Тұрсынғали Мұхамеджанов Максим Артемук, Октябрь ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Қарашев және Асқар Қошқаровқа арнайы статуэтка табыстады. Октябрь ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жарысқа барлығы 10 команда қатысып, олар алғашқы кезеңде 4 топқа бөлініп сайысқа түсті. Командалар айналмалы жүйе бойынша ойнап, әр топтан үздік шыққан командалар финалдық кезеңге жолдама алды.

Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша Қызбел ауылының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынға Торғай ауылының командасы табан тіресе, үшінші орынды Арқалық қаласының командасы місе тұтты.

Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы мадақтама қағазы, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ойын барысында көзге түскен ойыншыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Сонымен қатар, бірқатар жекелеген номинациялар бойынша спортшылар арнайы жүлделерге ие болды.

– Біздің ауылда спортты дамытуға қолайлы жағдай жасалып жатыр. Спорттың бірнеше түрінен жаттығулар тұрақты түрде өтіп тұрады. Талантты спортшылар ауылдан да шығады. Сондықтан жастардың бойындағы қабілет-қарымды танып-біліп, дұрыс бағыт-бағдар беріп, кәсіби тұрғыда дамуына жол аша білгеніміз абзал. Сондықтан жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратын осындай жарыстарды жиі ұйымдастырып тұруымыз керек. Біз бұнымен шектелмейміз, алдағы жылы Ресей елінен де командалар шақырып, турнирдің ауқымын әлі де кеңейте түскіміз келеді, – дейді Тұрсынғали Мұхамеджанов.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерде: турнирден көріністер

Редактор

Recent Posts

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

6 дней ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

2 недели ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

3 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.