Бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті

Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан болашақ жастарды тәрбиелеу жолында ауданда көптеген игі істер атқарылуда.

Жуырда тілдерді оқыту орталығында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 5-10 жас аралығындағы бүлдіршіндер арасында «Тәуелсіздік – мәңгілік тұғырым» атты мәнерлеп оқудан сайыс болып өтті. Оған «Нұр сәби» балабақшасының тәрбиеленушілері, Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі және Қарасу орта мектебінің оқушылары қатысты.

Шығармашылық сайыстың басты мақсаты – өскелең ұрпаққа Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру, ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу, еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Сайыскерлердің өнерін бағалау үшін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Көпеева, тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлнар Барамбаева, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің маманы Гүлнар Нұржанова және Қарасу орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Александра Носенко қазылық етті.

Қазылар алқасы қатысушылардың таңдаған өлеңінің мағынасына, оқу мәнеріне, артистік шеберлігіне, жинақылығына қарап баға береді. Бұл жерде баланың жас ерекшелігі де ескеріледі.

Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай кіші топ (5-7 жас) және ересек топ (8-10 жас) болып екіге бөлініп, өзара бақ сынады.

Нәтижесінде 5-7 жас аралығындағы сайыскерлер арасында Әлина Мәлік (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) бірінші орынды жеңіп алды. София Ивочкина (Нұр сәби балабақшасы) екінші орынды иеленсе, үшінші орынды Әмина Төрехан (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) қанжығалады.

8-10 жас аралығындағы сайыскерлер арасында Аяна Амантаева (Қарасу орта мектебі) бірінші орынға шықса, екінші және үшінші орындар –  Ангелина Чернец (Қарасу орта мектебі) мен Айзере Әмірқұл (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) еншісіне бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама қағазы және сыйлықтармен марапатталды.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

15 часов ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

1 день ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

5 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.