Жерлестеріміздің еншісінде – 5 медаль
Ауданымызда спорт қарқынды даму үстінде. Өңір спортшыларының спорттағы қол жеткізген нәтижелері де ауыз толтырып айтарлықтай. Бүгінде тек ауданның намысын ғана емес, еліміздің намысын халықаралық, әлемдік деңгейде қорғап, дүбірлі додаларда топ жарып жүрген спортшыларымыз да жетерлік.
Жуырда Қарағанды қаласында NOMAD MMA аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты өткен болатын.
Дүбірлі додаға әлемнің 12 мемлекетінен 632 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Аталған байрақты бәсекеге «ШахНур» жекпе-жек спорт клубының шәкірттері де қатысып, жүлделі оралды. Атап айтар болсақ, Александр Ворошков, Камила Айтқожина және Акжол Гамлет қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Прасковья Кукушкина жүлделі екінші орынды еншілесе, Анна Арефьева қола жүлдеге ие болды.
Жарыстан жүлдемен оралған жерлестеріміздің бапкерлері – Шахбоз Халметов және Александр Ворошков.
Жастардың спортқа деген ынтасын арттырып, шеберліктерін шыңдап жүрген бапкер-жаттықтырушыларымыздың бірі – Шахбоз Халметов. Ол Октябрь ауылдық мәндениет үйінің спортзалында жастарды қоян-қолтық ұрыс және еркін күреске жаттықтырады. Оның дайындаған, баптаған шәкірттері бүгінде биік белестерді бағындырып, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орндарды иеленіп жүр.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет әлеуметтік желіден алынды
В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)
В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…
Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…
This website uses cookies.