Қазақстан халқының тілдері күніне арналған фестиваль

Октябрьское ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл мерейі» атты тілдер фестивалі болып өтті. Оған қатысқан өнер ұжымдары әр ұлттың салт-дәстүрін көрсетіп, өнерлерін паш етті.

Шараның басты мақсаты – Қазақстан халқының ұлттық тілдерін дамыту, тарихы мен салт-дәстүрлерін сақтау және тілін, мәдениетін  құрметтеуге тәрбиелеу.

Фестиваль барысында тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлнар Барамбаева құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.

Фестиваль бірнеше кезеңнен тұрды. Барлық қатысушы топтар үлкен дайындықпен келген. Октябрьское ауылы – татар-башқұрт ұлты, Шолақашы ауылы – қазақ ұлты, Айдарлы ауылы – өзбек-тәжік ұлты, Железнодорожный ауылы – орыс ұлты, ал «Беседушка» вокалдық тобы – украин-беларус ұлты атынан шықты.

Фестиваль шартына сай, әр топ өздерін таныстырып, одан кейін ұлттық мәдениеттерінен шашу шашып, жарыса төл өнерлерін көрсетті. Бірлескен шара барысында аталмыш ұлттардың мәдениеті көрсетілді. Әр ұлттың ән-биінен шашу шашылды.

Әр кештің өзіндік бір ерекшелігі болады. Аталмыш кештің бірден-бір өзгешелігі – әр ұлттың атынан шыққан топтардың арасында ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластықтың үстемдік құрғаны сезіліп-ақ тұрды. Осындай жан-жақты ұйымдастырылған шараға келушілер дән риза болды. Тіпті, сахна төріне көтерілген әрбір өнерпазды жылы қабылдап, қошеметтерін аямады.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерде: мерекелік шарадан көріністер

Суреттерді ұсынған тілдерді оқыту орталығы

Редактор

Recent Posts

Глава Карасусского района успешно совмещает работу со спортивным увлечением

Кайрат Оспанов стал серебряным призёром чемпионата мира по профессиональному джиу-джитсу. (далее…)

1 день ago

Қарасулық педиатр кішкентай пациенттердің шынайы жанашыры

Қарасу аудандық ауруханасының педиатры Айсұлу Яковлева кішкентай пациенттердің қамқоршысына айналған жан. (далее…)

2 дня ago

В Карасу состоялись соревнования на призы семьи Якимовых

Традиционное состязательное мероприятие в 16 раз собрало любителей древней интеллектуальной игры из всех сёл Карасуского…

6 дней ago

Жители Карасуского района активно участвуют в республиканском марафоне чтения

Проект «Читающая нация» направлен на повышение читательской активности населения, популяризацию отечественной и мировой литературы, а…

1 неделя ago

Қарасудың Октябрь ауылында ақылды датчиктер орнатылуда

Қазір жер-жерде жылыту маусымы басталған мезгіл. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.