Қазақ халық аспаптарының аймақтық фестивалі өтті

Жуырда Әулиекөл ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бабадан қалған қазынам» атты қазақ халық аспаптарының аймақтық фестивалі өтті. Оған Қостанай қаласы, Қамысты, Қарасу, Науырзым, Алтынсарин және Әулиекөл аудандарының өнерпаздары қатысты.

Фестивальдің басты мақсаты – халық аспаптарда ойнау дәстүрін дәріптеу.

Фестивальге Қарасу аудандық балалар өнер мектебі де қатысып, өз өнерлерін паш етіп қайтты.

Қарасу аудандық балалар өнер мектебінің қазақ ұлттық аспаптар ансамбілі Греческая «Опа» туындысын орындады. Ансамбіль жетекшісі – Лаура Ерембетова. Ансамбільдің құрамында болғандар: Томирис Қожабаева, Аяулым Қаратаева, Тамерлан Абдрахманов, Нұржан Мейрамбек, Влад Гембель, Владимир Якимец, Асем Нокушева, Нұржан Қанапин, Руслан Аймұхамбетов, Эльдар Шаншаров, Азиза Багитжан, Айдара Бердияров, Асылхан Климусов, Лиана Сергейчук, Наталья Бердиярова, Василий Ковалев

Халық әні «Илегай» орындайтын Квартет, Ковалев Василий Иванович, Ерембетова Лаура Қонысқызы, Бердиярова  Наталья Анатольевна, Бердияров Айдар.

Сонымен қатар, халық әні «Илегайді» Ковалев Василий, Лаура Ерембетова, Наталья Бердиярова және Айдар Бердияровтан құралған квартет орындады.

Фестиваль соңында жерлестеріміз диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Аудан өнеріне өз үлесін қосып, жас өрендердің өрісінің кеңеюіне, дарындыларды іріктеп, олардың талантын одан әрі ұштауда Қарасу аудандық балалар өнер мектебінің атқарып келе жатқан еңбегі орасан зор. Бұл киелі шаңырақ талай шәкірттерді қанатының астына алып, өнерге баулып, тәрбиелеп, қанаттандырды. Осы мектептің өнерлі өрендері талай шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, сахнаға сән беріп, өнерсүйер қауымның көңілінен шығып жүр.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерді ұсынған Қарасу аудандық балалар өнер мектебі

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.