Тұмауға қарсы жаппай екпе егу жұмыстары жүріп жатыр
Күз мезгілінде дала қоңырқай тартып, күн суыта бастайды. Аспанды қара бұлт торлап, жаңбыр жауып, жерге күміс моншақ шық түсіп, суық ызғар шарпиды. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күн райы бұзылып, ауа температурасы төмендейтін осы мезгілде суық тиіп, ауырып қалу көрсеткіші арта түсетіні белгілі. Әсіресе, тұмау дерті өршитін уақыты қазір. Тұмау – өте жұқпалы ауру. Бұл дерт үлкен-кішіні талғамайды.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді халқымыз. Қазіргі уақытта тұмауға қарсы жаппай екпе науқаны жүріп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы биыл Ресейде шығарылатын «Гриппол» екпесінің 70 000 дозасын сатып алған. Оның 1270 дозасы біздің ауданға тиесілі. Бүгінгі күнге дейін 404 адамға екпе егілді.
Мамандардың айтуынша, медицина қызметкерлері, Д-тіркеудегі пациенттер, жүкті әйелдер, қант диабеті, жүрек-қантамыр және бронхо-өкпе жүйесі, бүйрек ауруларымен диспансерлік тіркеуде тұрған балалар, қарттар үйіндегі адамдар және созылмалы ауруха шалдыққан сырқаттарға тұмауға қарсы екпе тегін салынады.
– Тұмауға қарсы вакцина алу – аурудың алдын алатын бірден-бір жол. Дәрумендерді көп қабылдап, көкөністерді де неғұрлым көп жеген абзал. Бұның бәрі иммунитетімізді жақсарту үшін қажет. Бір мезгіл таза ауада серуендеген де ағзаға пайдалы, – дейді Қарасу аудандық орталық ауруханасының аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мейіргері Илья Пепенжи.
Дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданудың да денсаулыққа пайдасы зор.
«Бас аман болса, бөрік табылады» демекші, денсаулық болса береке, мереке де болады.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет интернет желісінен алынды
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)
Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)
В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)
This website uses cookies.