Ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды

Ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бұл саланы кеңінен дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Саланы қаржыландыру көлемі жыл сайын артып, тың бағдарламалар қолға алынып, ауыл шаруашылығының дамуына мол септігін тигізуде.

Қарасу аграрлы аудан болғандықтан, халықтың негізгі табыс көзі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Қашаннан алтын астығымен аты шыққан ауданымыздың бұл бағыттағы жетістіктері аз емес. Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасап жатқан еңбеккерлердің ерен еңбегі мен қажымас күш-жігерінің, кәсіби шеберлігінің арқасында бұл саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп, ауданымыздың әлеуеті артып келеді.

Міне, сондықтан да ел ырысын асырған дала қаһармандарының еңбегі қашанда зор құрметке лайық.

Жуырда «Достық» аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Атаулы шара ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің төл мерекесіне арналды.

Концертте Бауыржан Тасболатов «Балдәурен» күйін нақышына келтіре орындады. С.Егзекова және Н. Бердиярованың жетекшілігімен «Нұр-Сәби» балабақшасының бүлдіршіндері де өз өнерлерін көрсетіп, концерттің өтуіне атсалысты. Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің 2-сынып оқушысы Әмина Төрехан да әннен шашу шашты. Әсем дауысымен көпшілікке танылып үлгірген жас әнші Аялан Мұқанов та сахна төрінен табыла білді.

«Глория» халықтық вокалдық тобы да тыңдармандарға әсем әндерін жолдады. Октябрь ауылдық мәдениет үйінен Марат Жайсаңбаев және Люблинка ауылдық мәдениет үйінен «Жемчужина» вокалдық тобы өз өнерлерін көрсетті. Есімхан Тоқыбаевтың орындауындағы «Өз елім» әні концерттің соңғы нүктесін қойды.

Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясына байланысты аталмыш концерт көрермендерсіз өтті. Сондықтан концерттің басынан аяғына дейін түсірілген видеосы YouTube каналында жарияланды.

Түпнұсқа видеоны төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/xpMsPSRTxCg

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттерде: концерттен көріністер

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.