Ауыл балалары білім додасында үздіктер қатарында

Қарасу ауданы орталығынан шалғай жатқан Октябрь ауылынан сүйіншілеген жаңымды жаңалық келді

Атап айтар болсақ, сол ауылдағы жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушылары Абылайхан Нұрғалиев пен Бауыржан Шоқай ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жүлдегерлері атанып, еліміздің 1000 жеңімпаздарының тізіміне енді.

«Мың бала» – бұл ауылдағы білім ордаларында тәлім алып жатқан дарынды балаларды қолдау мен дамытуға, олардың қалалық құрдастарымен табысты бәсекелесуі үшін жағдай жасауға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба болып табылады.

Жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Елбасы академиясы» КҚ “Ел Үміті” талантты жастарды анықтау және қолдау бастамасы аясында жүзеге асырылуда.

Олимпиада екі кезеңде өтті және еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныптарының 96 мыңнан астам оқушысын қамтыды.

Олимпиаданың жеңімпаздарына Елбасы академиясының Birge Oqý онлайн мектебінде тегін оқуға мүмкіндік беріледі.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.