Рудный қаласында еркін күрестен 2004-2006, 2007-2008, 2009-2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир болып өтті.
Тартысқа толы бәсекеге облыстың әр өңірінен келген спортшылар қатысты.
Салауатты өмір салтын насихаттап, балуандардың спорттық шеберлігін арттыру және еркін күресті дамыту мақсатында өткен жарысқа аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысып, жүлделі оралды.
Атап айтсақ, 41 келі салмақ дәрежесінде аудан намысын қорғаған Нұржан Мейрамбек бірінші орынды жеңіп алса, +38 келі салмақта сынға түскен Жаслан Байғазин жүлделі үшінші орын иеленді.
Жерлестеріміз мақтау қағазы және медальдармен марапатталды.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретте: Нұржан Мейрамбектің жеңіс тұғырынан көрінген сәті
Суретті ұсынған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен бапкері Нұрсұлтан Баязитов
В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)
В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…
Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…
This website uses cookies.