Аудандық «Жастар ортлығының» игі бастамасы талайға үлгі боларлық

Ұрпақ – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ екені жасырын емес. Осыны ескерген Қарасу аудандық жастар ресурстық орталығы тың бастам бастап отыр. Атап айтар болсақ , аталмыш орталықтың бастамасымен ауданда көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларына тарту-таралғы жасалуда.

Солардың бірі – аудан орталығында тұратын  Ахметовтер жанұясы.

Бұл күнде 6 бала өсіріп отырған бұл отбасының анасы «Күміс алқа» иегері болса, әкесі Ауған соғысының ардагері.

Ахметовтер  отбасына арнайы атбасын бұрған орталық қызметкерлі бүлдіршіндерді  өткен «Халықаралық балаларды қорғау күнімен»  құттықтап, арнайы алып келген жеміс-жидектер мен тәтті сыйлықтарды табыс етті.

«Дүниеге келген сәбиді отбасы  тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек.

Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді.

Ауданымыздағы әрбір отбасы осы Ахметовтар секілді жанұялардан үлгі алса», – дейді орталық мамандары

Расында атақты А. С Макаренконың  «Ата – аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды.

Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», – дейді.

Жақсы перзент ата – ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата – ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алатыны жасырын емес.

Сондықтан болар осындай отбасларындағы балларға қуаныш  сыйлауды жылдың қай кезінде де ұйымдастырып  отырған дұрыс.

Анасы – “Күміс алқа” иегері, әкесі – интернационалист (ауған).
Отбасында 6 бала. Балаларға жеміс-жидектер мен тәтті сыйлықтар берілді.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

1 день ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

2 дня ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

6 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.