Аудандық мәслихаттың он алтыншы сессиясы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың он алтыншы сессиясы болып өтті.

Жиынға аудан әкімі Виктор Ионенко, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Сессия  жұмысына №6 Черняев сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Алягоз Ускумбаева төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Жиын барысында қаралатын мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан қол­дау тауып, сессияның күн тәртібі бекітіл­ді.

Жиында алғашқы болып Қарасу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті қаралды. Бұл туралы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы  Зарина Исмурзина баяндама жасады.

Бұдан кейін мәслихат хатшысы Совет Қазиев Қарасу ауданы мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ Совет Қазиев аудандық мәслихаттың келесі сессиясының күн тәртібін жария етіп, алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың он жетінші сессиясының төрағалығына №2 Восток сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Серік Қажиевтің кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсынысқа депутаттар бірауыздан қолдау білдірді.

Сессия   соңында №5 Новопавлов сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Батыржан Қадырбеков, №2 Восток сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты Серік Қажиев, №4 Ильичев сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Владимир Журжа, №6 Черняев сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Алягоз Ускумбаева, №9 Целинный сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Қайрат Мұқанов, №11 Октябрь сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Лариса Сергеева, №12 Шолақашы сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Дмитрий Пилипенок және №13 Железнодорожный сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Жанна Труховская Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына орай мерейтойлық төсбелгілермен марапатталды.

Бұдан бөлек, Батыржан Қадырбеков және Серік Қажиевке Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының грамотасы табыс етілді.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.