Аудан орталығында тағы да бір бөбекжай бақшасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашады

Әлеуметтік нысандар – әл-ауқаттың көрінісі. Сондықтан да, аудандағы әлеуметтік нысандар әрдайым биліктің назарында. Жыл сайын аурухана, мектеп, балабақша және басқа да маңызы бар нысандар жөндеуден өтіп, материалдық-техникалық базалары жаңартылуда. Бұл бағытқа бөлінген қаржы да қомақты, атқарылар жұмыс та ауқымды

Бұған дейін де газетімізде жазғандай, биыл аудан орталығы тағы да бір балабақшамен толығады. Комсомольское көшесінде орналасқан «Жеті күн» қонақ үйі ғимараты қайта жөнделіп, балабақшаға айналмақ. Бұл жұмыстар көктем мезгілінде басталған болатын. Барлық жұмыстар қыркүйек айына дейін толық аяқталып, балабақша ел елгілігіне пайдалануға беріледі.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашу – демеушілік көмектің арқасында іске асуда. Бұл жобаға «ASTANA GRAND TRADE» ЖШС директоры Қуанышбек Тұрсыновтың демеушілігімен 17 млн. теңге бөлінді. Балабақша 96 бүлдіршінге арналған. Мер­дігер мекеме – «Айла-С» ЖШС.

-Балабақшаның жұмыстары аяқталуға жақын. Тынбай еңбек етіп жатырмыз. Осы уақытқа дейін 250 шаршы метр плитка, 200 шаршы метр еденнің тұтастырғы және 300 шаршы метр сылақ жұмыстарын істедім. «Айла-С» ЖШС жұмыс істеп келе жатқаныма 18 жыл болды, – дейді жұмысшылардың бірі Әмірхан Муртазин.

Естеріңізге саламыз, қонақ үй ғимараты «Қарасу» СӨК» ЖШС бас директоры Алмат Тұрсыновтың бастамасымен білім беру бөліміне тегін берілген болатын. Ғимараттың жалпы құны – 100 млн. теңге.

Бүгінгі   таңда мемлекетіміз мектеп жасына дейінгі тәрбие беру мен оқыту мәселесін басты назарда ұстау­да. Әр мемлекеттің болашағы – ең алдымен сол елдің өскелең ұрпағы. Абай атамыз бала тәрбиелеуде мұғалім, ата-ана және қоғамның атқарар рөлін ерекше атаған. «Жаста берген тәрбие – жас қайыңды игендей» дейді. Сондықтан қайсысының ықпалы зор болса, баланың мiнезi солай қалыптасары сөзсіз. Дегенмен де, бүгiнгi бала тәрбиесiнiң бiр бөлiгi – балабақшаға тиесiлi. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің қоршаған ортаны танып білу, әр нәрсеге қызығу қабілеті жоғары болады. Сол себепті баланың дүниетанымы осы кезден дұрыс қалыптасуы қажет.

Жаңабай АХМЕТОВ

Суреттер автордікі

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

1 день ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

2 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

1 неделя ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.