Аудан әкімі Қарасудағы Ұлы Отан соғысының ардагері  Яков Қаратаевқа құрмет көрсетті

Міне араға бірер күн салып, жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесін тойлағалы отыр. Ғұмырымыздағы аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі – Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді.

9 мамыр Жеңіс күні – әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді?

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн.

Осы орайда Қарасу ауданыда осынау айтулы мереке қарсаңында аудандағы кешегі қан майданның куәгері, сұрапыл ажалмен бетпе-бет келген көзі тірі жалғыз ардагерге ерекше құрмет көрсетті. Ол  сұрапыл соғыстың от пен оқтың ортасында жүріп, Отан үшін от кешкен майдангердің бірі – Яков Қаратаев.  Яков Ғабдоллаұлы 1926 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына 1944 жылы аттаныпты. Ардагер ол кезде небәрі 18 жаста болған екен.

Қарт майдангердің шаңырағына Жеңістің 75 жылдығымен арнайы құттықтай барған аудан әкімі Виктор  Ионенко ардагерге құрмет көрсетіп, естелік медалмен марапаттады.

«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» – деп  Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар жандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген аталарымыз бен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды біз әрқашан  мақтан тұтуымыз керек. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігі мен ел қорғау сезімі келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды.

Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» – деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы», – дейді  аудан әкімі

1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты.

Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы – қазақтар.

«Мен 18 жасқа толысымен соғысқа аттандым. Ұрыс жүргізудің тактикалық тәсілдерінен өтіп, екі айдай әскери дайындықта болдық. Қару-жарақтың түр-түрін қолымызбен ұстап, қалай қолдану керек екенін үйрендік. Әбден ұрыс жүргізудің әдіс-тәсілдерін толық меңгеріп болған соң Батыс Украина, Польша жеріндегі жау әскерінің соңғы күштерін талқандауға жіберді.

Әсіресе, немістермен Польша жеріндегі Одер өзені бойындағы қақтығыс жойқын болды. Сол ұрыста жараландым. Ол кезде жастықтың қызуымен бәрі білінбеді ғой. Бірақ, қартайған шақта зардабын тартады екенсің»,  – дейді соғыс ардагері Яков Ғабдоллаұлы.

1944 жылы Яков Ғабдоллаұлы Батыс Украина, Польша жерлерін жау қолынан азат етуге қатысты. Екінші Белорус майданындағы 303 атқыштар полкінің құрамында мерген  болып соғысты. 1945 жылы соғыс аяқталып, бейбіт өмір басталғаннан кейін де ұзақ уақыт Кеңес әскерінің құрамында болды. Өзінің шыдамдылығы мен табандылығының арқасында 1950 жылы елге аман-есен оралды. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ел игілігі, ертеңгі жарқын болашақ үшін елеулі еңбек етті. 1952 жылы Орынбасар Рахымжанқызымен отау құрып, балалы-шағалы болды. Бүгінде жауынгер атаның төсінде Ұлы Отан соғысының орден, медальдары жарқырайды.

Яков атамыз ерлігі үшін «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» және «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан жеңіспен оралған Яков атамыз Қарасуда тұрады. Осындай жауынгер жерлестерімізді қадір тұтып, қамқорлыққа алу – біздің парызымыз. Сондықтан, Отан үшін қан төгіп, елді жаудан қорғаған майдангерлеріміздің өшпес ерлігін ешқашан ұмытпайық! Ұлы жеңістің 75 жылдыңы құтты болсын.

Мешіт Ғазизұлы

Суретті түсңрген Валентина Орлова

Редактор

Recent Posts

Весенние полевые работы в Карасуском районе идут полным ходом

Благоприятные погодные условия позволили местным сельхозникам начать сезонную деятельность по графику. (далее…)

2 дня ago

Улыбнись, все будет хорошо. Или о том, как в Ильичевской школе создают бесконфликтную среду

Медиатор, психолог и юрист общественного фонда «Жанашыр бол» провели встречу в Ильичевской школе Карасуского района…

3 дня ago

Известный семейный психолог в День семьи встретилась с разновозрастной карасуской аудиторией

Темой встречи специалист с 10-летним профессиональным стажем Людмила Должикова обозначила самую злободневную причину разладов в…

3 дня ago

В Карасуском районе представили нового главу

Распоряжением акима Костанайской области от 15 мая 2024 года по согласованию с Администрацией Президента РК…

4 дня ago

На территории Карасуского района продолжает действовать режим чрезвычайной ситуации природного характера

Напомним, введён он 5 апреля из-за гидроопасности от талых вод и разлива местных водоёмов. (далее…)

4 дня ago

Глава крупного агрохолдинга выступил инициатором видоизменения духовного центра села Карасу

С таким обращением руководитель ТОО «Карасу-Астык» Алмат Турсунов выступил на недавно прошедшем совещании, где в…

5 дней ago

This website uses cookies.