Қарттарға көмек көрсетілді

Қамқор әрі жанашыр бола білді

Үкімет қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қорғаушысы жоқ кембағалдар, зейнеткерлер мәселесін қашанда назардан тыс қалдырған емес.

Бүгінгі таңда әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған. Мәселен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік көмекке зәру жандарға тұрақты да жүйелі түрде қызмет көрсетіледі. Оған жауапты мамандар да, әлеуметтік қызметкерлер де өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды.

Айталық, Оксана Гросс Новопавлов ауылында әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді. Ол ауылдағы жалғызбасты бірнеше зейнеткерді өз қамқорлығына алған. Олардың үй жұмыстарын істеп, әлеуметтік проблемасын шешуге көмектеседі. Қажет болса, дәрі-дәрмек пен азық-түлік, газет-журналдарын әкеп беріп, моральдық-психологиялық жағынан да көмек береді.

-Қарттардың әлеуметтік мәселелерін шешуге барынша тырысып жатырмыз. Жергілікті билік тарапынан да оларға көмек көрсетіліп, қолдау жасалуда. Мәселен, Светлана Воропаева, Алла Волгина, Надежда Лукьяненко және Валентина Новицкая сынды қоғамдық қызметкерлер қарттардың үйлерін ақтап, сырлап, бірқатар жұмыстарын атқарып берді. Бұл – үлкен көмек. Осы жұмысты ұйымдастыра білген ауыл әкімі Азамат Қаппасов және ауыл әкімі аппаратының бас маман Сыздықовқа алғыс айтамын, – дейді Оксана Гросс.

Әлеуметтік қызметкердің қамқорлығына алынған Маргарита Шихова, Клавдия Чемирисова және Галина Гудзь сынды қарттардың жергілікті билік өкілдері мен қоғамдық қызметкерлерге айтар алғысы шексіз.

«Алғыс алған арымас» дейді. Мейлінше, қарттардың жағдайына алаңдап, жанашыр болып, қамқорлық танытып жүрген жандар қамкөңіл қарттарды өзінің жүрегінің жылуымен жұбатып, барынша көмек көрсетіп жүр.

Қарттар – біздің әжелеріміз, аталарымыз, әкеміз бен шешеміз. Оларды қадірлеп, қашан да ұстаз санап, құрметтей білгеніміз жөн. Қарттарға құрмет көрсету, бүгілген беліне сүйеу болу – біздің парызымыз.

Жаңабай АХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

1 день ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

2 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.