Армысың, әз Наурыз!

Міне, айналаны жайма-шуақ күйге бөлеп, тағатсыздана күткен шұғылалы көктем де келіп жетті.

Жылдың осынау керемет мезгілімен бірге жапан даланы жаңғыртып, жан-жануарларды түлетіп, табиғат ананы емірентер көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы да жақындап қалды.

Наурыз туралы түсінік

Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде «нау» – «жаңа», «руз» – «күн» деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын – ала дайындалады. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал ексең, он тал ек!», деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы Наурыз көже болған. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалған. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата – үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.

«Қыдыр түні» мен «Әз» деген сөздің мағынасы

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн – «Қыдыр түні» деп аталады. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Қыдыр бабадан тілек тілеген. Наурызда түнгі даланы адамдарға бақ-дәулет дарытатын Қыдыр баба аралайды деген наным бар. Сондықтан ертең Наурыз деген түні әрбір шаңырақ үйінің төріне шырақ жағып, Қыдыр баба түнін күзетіп, тілек тілеген. Бұл түні оты маздап, жарығы жанып тұрған үйге Қыдыр бабаның мейірі түседі, көз қырын салады, назарынан тыс қалмай, сол үйге құт-береке қонады деп сенім білдірген.

Әз: Халық аңызында күн мен түннің дәлме дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс. «Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін» деген сөз бар. Осы гуілді наурыздың 22-сіне дейінге үш күннің ішінде өтеді деп есептеген халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген тәмсіл қалдырған. Сол үш күннің ішінде тырнақ пен шаш алуға болмайды. Әз өткенде өсімдік әлемінен бастап, күллі тіршіліктің тұла бойына, бір тал түгіне дейін жан жүгіреді. Сол жан байқаусызда тырнақ, шашпен бірге қиылып кетсе, адамның қолы мен басы селкілдейтін болады-мыс.

Наурызға қатысты өсиет

Наурызкөкті көргенде шошытып қумаңдар, «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырып, жем шашыңдар

Наурызшешек – өте әдемі көпжылдық гүлді өсімдік. «Биыл біреуін үзсең, келесі жылы он гүл шықпай қалады» – деседі.

Бұлақтың көзін ашу – Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс. Су бар жерде тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, шөп те, гүл де жайқалып өседі, егін бітік шығады. Адамдар мен жануарлар тоқ болады, тоқ болса бір-біріне қастық жасамай, бейбіт жүреді. Бастау-бұлақтардың көзін ашқандарың – өмір-тіршіліктің де көзін ашқандарың.

Наурыз күнгі  амандасу

«Ұлыс оң болсын, қайда барса жол болсын!», «Ұлыс береке әкелсін!», «Наурыз құтты болсын!», «Қызыр дарысын, бақ қонсын!», «Ұлыс береке берсін, пәле-жала жерге енсін!», «Ақ мол болсын!», «Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар, айдан – аман, жылдан есен өтейік» – деп жатады.

Дайындаған Роза Какенова, Қарамырза орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Редактор

Recent Posts

Карасуская команда спортсменов-тяжелоатлетов стала абсолютным чемпионом на международных соревнованиях

В Караганде прошел открытый чемпионат Азии по силовым видам спорта «Даланын Куаты-lV». (далее…)

3 дня ago

Карасуская школьница представит Костанайский регион в финале республиканского конкурса бизнес-проектов

В Костанае прошёл областной этап конкурса бизнес-проектов, организованный департаментом бизнес-образования QAZGUU SCHOOL. (далее…)

1 неделя ago

Карасуляне присоединились к республиканской акции «Таза Қазақстан»

На территории Карасуского района старт экологического мероприятия был сдвинут на неделю. (далее…)

2 недели ago

Участок автодороги Карасу-Большая Чураковка по-прежнему закрыт

С 1 по 15 километр автомагистрали проезд для всех видов транспорта временно невозможен. (далее…)

2 недели ago

Поступило тревожное сообщение от жителей одного из сёл Карасуского района

Этот регион в данное время вступил в фазу, когда в одних селениях приходится ещё сдерживать…

3 недели ago

This website uses cookies.