Қарияның үйіне барып, ауласындағы қалың қарды тазалады

Биылғы қыс қарлы. Қыс мезгілінің алғашқы екі айында қар қатты түсе қойған жоқ

Есесіне аязды күндер көп болды. Ал, ақпан айының бел ортасынан бері боран жиі соға бастады. Елді мекендерді қалың қар басып, көлік жүргізушілерін, тіпті жаяу жүргіншіні де әбігерге салды. Толассыз жауған қар, ұйтқыған боран салдарынан айнала аппақ, үйлерді қар басып қалған. Боранды күндердің бірінде Қарасу ауылының тұрғыны, зейнеткер Анзия Қаппасованың үйін де қалың бар басып қалған болатын.
«Ауылыңда қария болса, жазып қо鬬ған хатпен тең» дейді дана халқымыз. Халқымыз ежелден қарттарын сыйлап, айрықша құрметтеп, қадірлеп, қасиет тұтқан. Егде жастағы адамдардың мәртебесін жоғары ұстап, құрмет көрсетуді естен шығармаған төтенше жағдайлар бөлімі және Қарасу ауылының №24 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Анзия әжеміздің үйіне арнайы барып, көшедегі күре жолдан бастап қақпаға дейінгі және ауласындағы қалың қарды ашып, көмек қолын созды.
Иә, өңірде ақ ұлпаның қалыңдығы белгілі мөлшерден жоғары. Осындай келеңсіз жағдайда қарттарға қол ұшын созып, көмек көрсету, әрине, құптарлық іс. Бұндай игі шаралар жастарымыздың бойына еңбексүйгіш қасиеттерін дарытып, үлкендерге кұрмет көрсетуге дәріптейді.
Өз тарапынан Анзия әжеміз кейінгі ұрпақтың үлкендерге деген құрметіне риза болып, шексіз алғысын білдірді. Бөлім қызметкерлері қарттарға қашанда көмек көрсетуге дайын екендіктерін аңғарта білді.

Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған төтенше жағдайлар бөлімі

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.