Қарасулықтарды сапалы ауыз сумен қанымдамақ

Облыс үшін аса маңызды жобаны мердігер уақынында орындауға сөз беріп отыр. Соңғы 13 жылда облыстың ауыз сумен қамту жүйесін дамытуға республикалық қазынадан 26 млрд. теңге бөлінген. Нәтижесінде 80-нен астам елді мекен тіршілік нәрімен қамтылды.

Су мәселесін шешу шаралары Қарасу ауданында да оң көрініс табуда.

Қарасу ауданында сапалы ауыз су түйткілін шешу аясында  Қарасу және Восток ауылдарында 71139 метр су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары жұріп жатыр. Аудан үшін аса  маңызды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асуы талай тұрғынға қуаныш сыйламақ.

«Жобаның жалпы құны   1 миллиард 897 миллион 434 мың 066,53 теңгені құрады. Аталған сомманың 90пайызын  республикалық бюджеттен, сонымен қатар жобаның жалпы сомасының 10 пайызын облыстық бюджеттен бөлінді.

Жоспарға сәйкес жобаның шарттары үш кезеңге бөлінген. 2020 жылғы мамыр-қазан, 2021 жылғы мамыр-қазан және 2022 жылғы мамыр-шілде айлары. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер алматылық «ТАМАС» ЖШС   », -дейді «Қарасу аудандық әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Владимир Никель.

Аталмыш су құбыры тартылған соң жақын орналасқан екі ауылдың бес мыңнан астам тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мердігер жобаны өз мерзімінде жүзеге асыру мақсатында мейлінше әрекет етуде.

Сәтін салса, атқарылып жатқан жұмыс нәтижесі қыркүйек айының аяғында аудан орталығы мен бірнеше елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Глава Карасусского района успешно совмещает работу со спортивным увлечением

Кайрат Оспанов стал серебряным призёром чемпионата мира по профессиональному джиу-джитсу. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық педиатр кішкентай пациенттердің шынайы жанашыры

Қарасу аудандық ауруханасының педиатры Айсұлу Яковлева кішкентай пациенттердің қамқоршысына айналған жан. (далее…)

3 дня ago

В Карасу состоялись соревнования на призы семьи Якимовых

Традиционное состязательное мероприятие в 16 раз собрало любителей древней интеллектуальной игры из всех сёл Карасуского…

7 дней ago

Жители Карасуского района активно участвуют в республиканском марафоне чтения

Проект «Читающая нация» направлен на повышение читательской активности населения, популяризацию отечественной и мировой литературы, а…

1 неделя ago

Қарасудың Октябрь ауылында ақылды датчиктер орнатылуда

Қазір жер-жерде жылыту маусымы басталған мезгіл. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.