Қарасулықтар «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық шарасында біріліктің озық үлгісін көрсетуде

Осы жылдың басынан бастап Қарасу ауданының аумағында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталған болатын. Аталмыш игі шараның  негізгі  мақсаты аудан аумағындағы жастайынан тағдырдың тауқыметін тартып, ата-анасынан айырылып,   жетім қалған балаларға, түрлі себептермен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған , сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге нақты атаулы көмек көрсету болып табылады.

Осы қайырымдылық шарасы аясында жүргізілген сарапттау жұмыстары көрсеткендей аудан бойынша биылғы  жаңа  2020-2021 оқу жылына дайындыққа көмекке мұқтаж әлеуметтік маңызы бар отбасылардан шыққан 412 бала анықталып отыр.

«Қазіргі таңда «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы барысында аудандағы барлық көмекке зәру отбасыларының балаларына  мемлекеттік мекемелердің басшылары, ЖШС, ШҚ директорлары, жеке кәсіпкерлер, ауыл және ауылдық округ әкімдері қолдау білдіріп, қол ұштарын созуда. Бір сөзбен айтқанда жерлестеріміз болашақ жастардың еш алаңсыз білім аулы үшін игігілікті шарада жұмылған жұдырықтай біріліктің үлгісін көрсетуде.

Соның жарқын бір дәлелі ретінде, жоғарыда айтылған санаттағы  396 оқушыға жалпы сомасы 5 294 814 (бес миллион екі жүз тоқсан төрт мың сегіз жүз он төрт) теңге, оның ішінде жалпы оқыту қорынан 145 балаға 2 900 000 (екі миллион тоғыз жүз мың) теңге демеушілік көмек көрсетілді», – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Дәмір Шәріпов.

Осынау қайырымдылық шарасы барысына саяси партияларда өз үлестерін қосуда.

Атап айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы»  партиялық жобасы және «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Қарасу ауданының партия мүшелері көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балғындарға көмек көрсетуде.

Мәселен, Қарасу аудандық мәслихатының депутаты, әрі удандық мәслихатының  хатшысы  Совет Қазиев 8 сынып оқушысына мектеп сөмкесі мен білім ауға қажетті құрал-жабдықтарды табысетті.

Ал, Қарасу аудандық мәслихатының депутаттары Батыржан Қадырбеков, Жанна Труховская және Алягоз Ускумбаева, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Виктор Ковальский, партияның аудандық филиалы партиялық кадрлық резервінің мүшесі Асқар Мұхаметжанов жоғарыда аталған санаттағы отбасыларының балларына  мектепке қажетті құралдар  сатып алу үшін  қаржылай көмек көрсетті.

Осы орйда халық қалауыларының тарапынан көрсетілген көмектің жалпы сомасы 850 000 теңгеден асады. Осылайша олар қайырымдылық  шарасы барысында 60- қа жуық көмеке зәру оушыға  қол ұштарын созып отыр.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.