Қарасулық әлеуметтік қызметкер мамандығын мақтан тұтады

Өмірлік қиын жағдайға тап болған жандар тегін арнаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Қарасу ауданы бойынша мұндай көмек түрін «Арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі ұсынады. Қазір аталған ұйымда 24 әлеуметтік қызметкер бар. Олар 68 адамды қамқорлыққа алған. Соның 4-еуі мүгедектігі бар бала, 4-еуі кәмелеттік жасқа толған бала, қалған 60-ы жасы келген қариялар.

Әлеуметтік қызметкер деп отырғанымыз — жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсететін маман. Олар жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз қамқорлығы арқылы қарттарға қамқор болады. Мүгедектігі бар адамдарға шынайы құрметпен көмек көрсетеді.  Біздің ауданда мұндай мамандарға сұраныс жоғары.

Қарасулық Елена Прокопьева 11 жылдан бері әлеуметтік қызметкер болып еңбек етуде. Ол өзінің қамқорлығындағы жандарды туысындай көреді. Қарттардың жағдайына алаңдап, жұмысына жанашырлықпен қарайды. Апта сайын кесте құрып, соған сәйкес қарттардың үйлерін аралайды.

– Әлеуметтік қызметкер адамдарға мейірім мен жылулық сыйлайды. Кейде біздің жасаған әр жақсылығымыз еке есе болып өзімізге қайтып жатады. Менің жасым  қазір 65 те. Төрт жыл бұрын зейнеткерлікке шықтым. Соған қарамастан жұмысымды жалғастырудамын. Себебі өзіме ұнайды. Қамқорлығымды бес адам бар. Олардың үйіне аптасына екі рет барамын. Еденін жуып, азық түлік апарып беремін. Қыста есік алдының қарын аршимыз. Жазда бақшаға қараймын. Қамқорлығымдағы адамдар сырқаттанып қалатын кездері болады. Ондай сәтте кестедегі уақытта күтпей дәрі дәрмек апарып береміз. Олар маған сенім артады. Мені жақын туысындай сағынышпен күтіп отырады,-дейді Елена Прокопьева.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

14 часов ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

17 часов ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

6 дней ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.