Қарасулық кәсіпкер Аягөз Өскенбаева қам көңіл балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады

Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Сондықтан да ол халықаралық мейрамдардың бірі саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Деректеріне сүйенсек, алғашқы Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілген. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күнін олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа жан-жақты  білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Өкінішке орай, еліміздегі туындап отырған қауіпті дерттің таралуына байланысты бұл мереке кең көлемде аталып өткен жоқ.

Дегенмен, қарасулық іскер азаматтардың арқасында аудандағы  балалардың көңілін көтеріп, мерекені сезіндіретін  сый-сияпат жасау шаралары қолға алынғанын атап айту керек.

Солардың бірі – жергілікті кәсіпкер аудандық мәслихат депутаты Аягөз Өскенбаева аудан орталығындағы «Даун» синдромы ауруымен ауыратын мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасына арнайы барып, жастайынан тағдыр тауқыметін тарқан бүлдіршінге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Бала біздің бауыр етіміз. Болашағымызды ұрпақсыз елестету мүмкін емес. Әрқайсымыз  балаларымыз үшін қолдан келтіннің бірін жасауымыз керек. Осындай игі шаралар бір күннің тасасында қалып қоймай, алдағы уақтта жалғасуы керек.

Өздеріңіз көріп отырғандай еліміздегі  карантин ережесі жаңа дамып келе жатқан  ойын балалары үшін өте қиын болып отыр .

Мұның бәрі уақытша қиындықтар ғой, ең бастысы балаларымыз аман болсын», – дейді  Аягоз Мақжанқызы.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

2 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

2 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

7 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.