Қарасулық көпбалалы ана қайтарымсыз грантқа ие болды

Қарасу ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Мариям Тілемісова бизнес жобалар байқауында жеңіске жетіп, 1 572 800 теңгелік қайтарымсыз грант ұтып алды.

Көп балалы ана мемлекет қолдауының арқасында кәсіби фотостудия ашуға қамдануда. Әзірге, жоба жүзеге асу кезеңінде. Фотостудияға қолайлы кеңсе дайын. Бизнес жоспарға сәйкес құралдардың кейбір бөлігі сатып алынған. Қалғанын біртіндеп алып, студияны жақын арада толықтай жасақтауға тырысуда. Өйткені, гранттың талабы бойынша үш айдың ішінде игеру керек екен. Жоспарлы жұмыстарды тиянақтылап, алдағы қыркүйек айында фотостудияны салтанатты түрде ашуды қалайды.

«Жүктеме үлкен. Отбасым, балаларым бар. Бәріне қарау керек. Жұмысыма да үлгеруге тырысамын. Жобаны жүзеге асыруға тиянақты дайындалғым келеді. Оның жәй ғана студия болғанын қаламаймын. Ауыл тұрғындарына қызықты, креативті жер ретінде лайықты қызмет ұсыну – менің мақсатым. Сондықтан барымды салудамын»,-деді Мариям Тілемісова.

Биыл Қарасуда төрт жобаны іске асыруға мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар беру жоспарланған. Грант беру жөніндегі комиссия мүшелерінің қарауына үш жоба – мал шаруашылығы, фотостудия мен компьютерлік клуб ашу жөнінде өтінімдер келіп түскен. Конкурстық комиссия Қойбағар ауылында сүт өнімдерін өндіру бойынша бизнеспен айналысқысы келген Анастасия Иргазиноваға және фотосессиялар өткізу үшін кәсіби студияны іске қосуды жоспарлап отырған қарасулық Мариям Тілемісоваға гранттық қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік қолдаудың алғашқы кезеңінде осы екі жоба жеңімпаз атанып, әрқайсысына 1 572 800 теңгеден гранттар берілді. Бұл қаражатқа бастама авторлары қажетті жабдықтарды сатып алуда.

«Жуырда бизнес бастамаларды қолдаудың екінші кезеңі басталады. Өтінімдерді қабылдау 11-22 тамыз аралығында жүргізілмек. Екі апта ішінде қайтарымсыз мемлекеттік гранттар байқауына үміткерлердің өтінімдері жинақталады. Одан кейін ұтымды жобалар іріктеліп, соның ішінде ең үздігіне тағы екі грант беріледі. Осылайша 2025 жылы төрт жобаны қаржыландырамыз. Жеңімпаздарға көлемі 400 айлық есептік көрсеткішке дейін гранттар беріледі. Гранттар әлеуметтік санаттар бойынша, халықтың осал топтарына ұсынылатынын ескерген жөн. Яғни, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеушілер, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар, ерікті қоныстанушылар мен қандастар қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға үміткер бола алады»,-аудандық жұмыспен қамту бөлімінің уақытша міндетін атқарушы Меруерт Қазбекова.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте: бизнес жоба жеңімпазы Мариям Тлемісова фотостудия ашуға талаптануда

Редактор

Recent Posts

Қарасу ауданының Октябрь ауылында жаңа банкомат орнатылды

Биылғы жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданында бірталай игі істер жүзеге асып үлгерді. (далее…)

14 часов ago

В истории деторождения Карасуского района открыта новая страница

Первая новорожденная года, который пройдёт под знаком Красной Огненной Лошади, появилась на свет 5 января.…

1 день ago

Карасуское учреждение образования в непогоду приняло российских туристов

Последний буран застал тургруппу у села Октябрьское на трассе республиканского значения KAZ 23 «Костанай –…

5 дней ago

Имя карасуского врача вошло в почётный трудовой том страны

Достижения хирурга Карасуской районной больницы вписаны в Золотую книгу Казахстана. (далее…)

1 неделя ago

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.