Қарасулық Алмагүл Ерменова – әлеуметтік қамсыздандыру саланың үздігі

Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қызметкерлерінің күні.

Бұл кәсіби мереке 2011 жылы белгіленген. Атаулы күн қарсаңында Қарасу ауданындағы әлеуметтік қызмет саласының тыныс-тіршілігі туралы баяндамақпыз.

Бүгінде Қарасу ауданындағы әлеуметтік қамсыздандыру саласымен әкімдік жанындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі айналысады. Бөлім басшысы Алмагүл Ерменова ұзақ жылдан бері жерлестерінің сенімін ақтап жүр. Білікті басшы мемлекеттік қызметте отыз жылдан бері еңбек етіп келеді. Көп жылғы тәжірибесі мен терең білімінің арқасында халықтың сенімінен шығып, қызметте табысқа кенелуде.

Алмагүл Көкенқызы мемлекеттік қызмет саласында 1991 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Қызмет жолын алғашында Қарасу аудандық еңбек және халықты жұмыспен қамту басқармасында маман болып бастаған. Одан кейін жетекші маман және бас маман лауазымдарына көтерілді. Жүктелген міндеттерін тиянақты атқарып, әбден шыңдалды. Еңбекқорлығы мен іскерлігінің арқасында мансап жолы өсе берді. 2008 жылы Қарасу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Араға көп өтпей, дәлірек айтқанда бір жылдан соң аталмыш бөлімді басқарды.

– Мен өз алдыма мақсат қойған адаммын. Жұмысымды өте жақсы атқаруға тырыстым және берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындайтынмын. Сондай жауапкершіліктің арқасында басшылық қызметіне дейін көтерілдім. Ал жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында еңбек ету дегеніңіз оңай емес. Бұл сала ыждағатылықты, жауапкершілікті және білім мен мол тәжірибені талап етеді, – дейді Алмагүл Ерменова.

Әлеуметтік саланың өзіндік ерекшелігі бар. Көп жағдайда әртүрлі санаттағы адамдармен сөйлесіп, пікірлесіп, заңнамаға сәйкес тиісті көмек көрсетіп, қолдау жасау қажет болады. Сондықтан Алмагүл Көкенқызы қызметтік міндетін атқару барысында еңбек кодексі мен мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін басшылыққа алады. Өтініш иелерін мұқият тыңдап, олардың көтерген мәселелеріне құрметпен қарайды. Міндетті түрде қолынан келген көмегін аямайды.

– Біз өз қызметімізді атқару жолында Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыруға барымызды саламыз. Әділ, оқыған, тіл табысқыш, жауапты, кішіпейіл, азаматтармен қарым қатынас жасауда мәдениетті болумен қатар заң нормаларының сақталуына және әділетті шешім қабылдауға тиіспіз.  Осындай талаптарды сақтау кез келген мемлекеттік қызметшінің міндеті, деп атап өтті Алмагүл Ерменова.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте: өз ісінің үздігі Алмагүл Ерменова.

Сурет кейіпкеріміздің жеке мұрағатынан алынды.

Редактор

Recent Posts

Карасуские стрелки примут участие в Чемпионате Республики Казахстан

В Костанае прошли состязания по пулевой стрельбе за кубок Костанайской области. (далее…)

7 дней ago

Карасуские архивисты празднуют профторжество

22 декабря отмечают свой профессиональный праздник работники архивной службы РК. (далее…)

1 неделя ago

Балалар өнер мектебінде осындай атаумен концерт өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарасу ауданындағы балалар өнер мектебінде "Жаса Қазақстан!"атты мерекелік іс-шара өтті.…

2 недели ago

Карасулянка Полина Голубева увлечена изучением языков

Для ученицы 9 класса Караманской общеобразовательной школы программа трёхъязычия, которая продолжает активно внедряться в республике,…

2 недели ago

Карасуляне впервые провели спартакиаду с участием команд сельхозформирований

Состязательное мероприятие проведено в преддверии Дня работников сельского хозяйства. (далее…)

3 недели ago

Қарасудың Қарамырза ауылындағы мектеп жаңа технологиямен жабдықталды

Қарамырза жалпы білім беретін мектебінде биыл игілікті істер атқарылуда. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.