Қарасуда жазғы спартакиада жеңімпаздары ұлықталды

Биылғы жазда облыстық спартакиадада жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізге зор құрмет көрсетілді. Ауқымды іс-шараға спорт десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер келді.

Биыл Қостанай облысының XXXVIII жазғы спартакиадасы Денисов ауданында өткенін білесіздер. Сол жарыста біздің спортшылар белсенділік танытып, командалық есепте аудандар мен қалалар ішінде 2-орын алды. Бұл жеңіс – барша спортшылар мен бапкерлердің бірлескен еңбегі. Кез-келген жетістіктің көпшілікке айтылып, ұлықталғаны және лайықты құрмет көрсетілгені орынды. Осы мақсатта аудан бойынша үлкен жиын ұйымдастырылды. Басқосуға спартакиада жүлдегерлері мен қатысушылары және саланың ардагерлері де қатысты.

Аудан басшысы Қайрат Оспанов жеңімпаздарды арнайы грамоталармен марапаттап, аға буын ардагерлерге шапан жауып, құрмет білдірді. Көп алдында еңбегі еленген азаматтардың бірі – Батырхан Ермағамбетов. Талантты спортшы Қостанай облысының 2025 жылғы жазғы спартакиадасында мергендер сайысының чемпионы атанды. Ол дәл осы спорт түрінен республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып жүр. Батырхан аудан әкімінің грамотасымен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

– Кез-келген спортшы жарыста барын салады, бойындағы мүмкіндігін көрсетуге тырысады. Бабың мен бағың қатар шапқан сәтте жеңіс тұғырынан көрінесің. Жетістіктің кілті – еңбекте. Спортшының әрі күні дайындықтан тұрады. Ұзақ уақытқа ұласқан жаттығу мен жылдар бойы жиналған тәжірибе күндердің күні өз жемісін береді. Сол еңбек пен жетістігіңді көпшілік байқап, марапаттап жатқаны қандай жақсы,-дейді спортшы Батырхан Ермағамбетов.

Сондай-ақ, жеңіл атлетика, көпсайыс және волейболдан аға жаттықтырушы, аудандық және облыстық спартакиадалардың жеңімпазы Вячеслав Мещанкин мен спорт ардагері, облыстық спартакиадалардың тұрақты қатысушысы, шахматтан аудандық және облыстық жарыстардың жеңімпазы Тукуш Мукубаевқа Қарасу ауданы әкімінің грамотасы табысталды.

Спорт ардагері, қоғам белсендісі, шахматтан аға жаттықтырушы Алмат Момбаевқа шапан жауып, жоғары құрмет көрсетілді. XXXVIII облыстық жазғы спартакиададағы табысы және спорт саласының дамуына қосқан үлесі үшін спартакиада қатысушысы, тоғызқұмалақтан аудандық жарыстардың жеңімпазы Асыл Дузкенова мен грек-рим күресінен, шахматтан аға жаттықтырушы, спартакиада қатысушысы, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сырымбек Жауғашаевқа аудан әкімінің алғыс хаты берілді. Бұдан соң спартакиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сертификаттар берілді. Бапкерлері де марапаттан тыс қалған жоқ.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

13 часов ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

16 часов ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

6 дней ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.