Қарасудағы көзі тірі жалғыз ардагер Яков Қаратаев атамыздың тілегі бейбітшілік

Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 76 жыл толды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда қазір 5 мыңнан астам соғыс ардагері мен 200 мыңға жуық тыл еңбеккері тұрады. Яғни, арамыздан соғыс ардагерлері азайып барады деген сөз

Қарасу ауданынан 3265 жауынгер майдан даласына аттанып, Москва мен Сталинградттағы жау өтінде соғысып, Украина, Белоруссия және Балтық елдерін неміс басқыншыларынан азат етуге атсалысты. 965 солдат жау шебінде оққа ұшса, 473 солдат із түзсіз жоғалып кеткен.

Яғни, әрбір төртінші жерлесіміз туған жерге оралмады. Майданда қаза тапқан шейіттердің есімдері мрамор тасқа қашалып жазылып, Қарасу ауданындағы Жеңіс саябағында тұр.

Ал, Жеңістен аман сау оралғандардың саны – 1500. Осылардың ішінде 1 ардагеріміз ғана ортамызда аман сау биылғы Жеңістің 76 жылдығын тойламақ. Ол Яков Қаратаев атамыз. Кеудесінде орден-медальдары жарқыраған Қаратаев Яков Ғабдоллаұлымен біз орталық Жеңіс саябағында кездестік. Ақсақал Жеңіс саябағындағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдері жазылған ескерткіш тақтаға қарап, үнсіз ойға шомып отыр екен.

Саябақта ойнап жүрген балғындар атаны қоршап алып, орден-медальдарын ұстап көріп, бетінен сүйіп, ардагерді қуантып жатты. Біздің ол кісімен әңгімеміз төмендегіше өрбіді.

– Яков ата, Ұлы Жеңістің 76 жылдығы құтты болсын! Қал-жағдайыңыз қалай? – Аллаға шүкір, балам! Биыл 96 жастамын, 97 ге бет түзедік. Денсаулығым жақсы. Ел аман, жұрт тыныш. Балаларым жанымда. Осыдан артық маған нендей бақыт керек?!

– Ата, сұхбатымызды құлаққа тосындау естілетін Яков деген есіміңізден бастасақ. Атыңызды бұлай деп кім қойды?! – Ойбай, балам-ау, менің азан шақырып қойған есімім – Яков емес, Яшүкір! Отбасымызда бала тұрмағасын әке-шешем ырымдап, молданың айтуымен атымды әдейілеп осылай қойған екен. Оның үстіне менің кіндігімді еркек адамға кестірген. Әке-шешемді орыс большевиктері «шовинист», «бай-кулак» деп қудалап, кәмпескелеп, қолымыздағы бар малымызды тартып алды. Біз орысы көп шоғырланған ауыл-дарға барып жан сауғаладық. Бала кезімнен орыс ауылында ержетіп, бейнетті көп көрдім. Сонда ғой орыстар мені «Яшке, Яшке» деп атап кеткен. Кейіннен төл-құжат аларда мені Яков деп жазып жіберіпті. Менің Яшүкір екенімді азан шақырып атымды қойған молда ғана білетін еді. Ол да дүиеден өтті.

Мен соғысқа 1944 жылдың қаңтарында аттандым. Ол кезде мен 18 жастағы бала едім. Бізді алдымен арнайы екі айлық әскери дайындық курсына жіберді. Біз ол жерде әскери дайындықтан өтіп, қаруды қалай қолдануды үйрендік. Мен Белорусияда соғыстым. 1944 жыл Жеңіске жетуге аз қалған уақыт еді. Біз Польшаны немістерден азат еттік. Одер деген өзен бар. Сол өзеннің бойындағы ұрыста мен қатты жараланып, екі саусағымды жоғалттым. Ал елге 1950 жылы оралдым. Оған дейін сол кездегі Кеңес әскерінің құрамында болдым. Елге келген соң, 1952 жылы Орынбасар Рахымжан-қызымен отау құрдым. Жұбайым дүниеден озды. Екеуміз 8 бала тәрбиелеп өсірдік. Бұл күнде сол 8 баладан немере, шөберелерім бар.

«Соғыста небір қорқынышты жағдайды бастан өткердік қой» деп атамыз терең күрсінді. Мен де ет пен сүйектен жаратылған пендемін ғой. 18 жастағы баламын, қалайша қорықпайын? Бірақ сол кездегі бейнетті көп көргенімнен бе екен, мен үшін өлім деген аса қорқынышты болмады. Аздап қорқыныш болғанымен адам бәріне көндігеді. Оның үстіне сол кездің саясаты бойынша, «коммунист» болсаң ештеңеден қорықпауың керек болатын.

«Бәрі де Отан үшін, майдан үшін» дейтін заман еді. Оның үстіне сол кездегі радиодан «Отанымыздың жүрегі – Москва!» деп сарнап айтып жататын. Егер айналасындағы одақтас елдердің күшін жұмылдырмағанда, орыстардың жеңіске жетуі мүмкін емес еді.

Қазақтар бұл соғыста ерен ерлік көрсетті. Ашаршылықтан, 1937 жылдың дүрбелеңінен аман қалған аз ғана қазақтың жігіттерің майданға жетті. Жаудың алдыңғы шебінде ұстады. Олардың ерлігі де дұрыс бағаланбады. Бауыржан Момышұлына Совет Одағының батыры атағы берілмеді. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевты ешкім елемеді. Бәрі де саясат еді ғой.

Дегенмен біз үшін немістер «фашист» болды. Бәріміздің санамызда 4 млн. еврейдің көзін жойған Гитлер деген жауызды жерімізге кіргізбеу болды. Бір кездегі Россия қазір сендерге Отан болмағанымен, бізге Отан болды. Сондықтан бұл жеңіс «Ұлы Жеңіс»,

«Ұлы Отан соғысы» болып аға ұрпақ өкілдерінің санасында мәңгі қала бермек. Майданнан оралған соң, Тімтуір ауылында механизатор болып еңбек еттім. Содан, міне, осы күнге аман жетіп отырмын.

Еменді еліміздің тыныштығы бұзылмасын балам» , -деп сөзін аяқтады ардагер ақсақал.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Прославленный артист Абдибек Божаков отметил 70-летний юбилей

Свою карьеру он начинал именно в Карасуском районе (далее…)

5 дней ago

В Карасуском районе продолжается реализация программы «Ауыл – Ел Бесігі»

В рамках государственной программы реализованы сразу несколько значимых проектов (далее…)

1 неделя ago

Карасуские самодеятельные артисты продемонстрировали своё мастерство

В регионе прошёл XXXVII областной фестиваль-конкурс народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!» (далее…)

2 недели ago

Маршрут Карасу-Восток вновь стал действующим

Между райцентром и близлежащим селом опять ходит рейсовый автобус. (далее…)

3 недели ago

1/6 часть в областном зерновом каравае принадлежит карасуским аграриям

Сельхозформирования Костанайского региона официально завершили уборку зерновых культур. (далее…)

3 недели ago

Встречей-признательностью отметили День тренера карасуские спортсмены

В библиотечной гостиной прошла встреча ветеранов спорта и младой спортивной поросли. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.