Қарасудағы қар тазалу жұмыстары қалай жүріп жатыр

Биылғы қыс облыс тұрғындары мен қатар қарасулықтарды да біраз әбігерге салғаны жасырын емес. Оның өзіндік себебі бар. Атап айтар болсақ, Қарасу ауданында осы жылы жылдық мөлшерден көп  қар жауды.

Енді көктемніңде ауылы да алыс емес. Оның үстіне соңғы жауған қар мен ақ түтек бораннан соң аудан көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Қазіргі таңда жергілікті әкімдіктер көктемгі тасқын судың алдын алу шараларына белсене кірісіп кетті.  Ауданға қарасты  елді мекендерден қар шығару басталды. Аудандық  жолдарды тазалау үшін  2019 жылы шыққан Б-10 М2 маркілі шынжыр табанды трактор жұмыс істеуде.

«Аталған қуаты жоғары трактор жолдағы қар кептелісін жою үшін резервтік жұмылдыру қорынан бөлінді.  Оның сыртында елді мекендердігі қалың қарды сыртқа тасу жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазірігі таңда  Қарасу ауылынан 18000 текше метр,  Октябрь ауылынан 450 текше метр,  Шолақшы ауылынан 5000 текше метр. Айдарлы  аулынан 3200 текше метр. Ушаков ауылынан 200 текше метр. Жалпы аудан бойынша 23650 текше метр қар шығарылды», – дейді «Қapacy ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділхан Ахмеров.

Осы орайда аудан тұрғындары да қарап отырмай  қазірден бастап өз үйлерінің шатырлары мен қораларын, аулаларын, жертөлелерді, кіріп-шығатын жолдарын,  су құбырлары мен  жауын-шашын су ағарлары алдын-ала тазалап қойғаны абзал. Өйткені апат айтып келмейді. Ертең топан су лап бергенде кезінде тұрғындар тарапынан қолданылмаған қарапайым ержелер үлкен өкініштерге алып келетінін көріп жүрміз.

«2020 жылы Қарасу, Восток ауылдарындағы Қарасу өзеніндегі мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, Черняев ауылдық округінің Зеленовка және Белозер кенттерінде Қарасу өзенінде де мұз жару жұмыстары жүргізіледі.

Қарамырза ауылы және Железнодорожный ауылдарымен  шектесетін  Тюнтюгур көлінің   жалпы ауданы 25784 текше метр.  Ал жарылатын мұздың ауданы  320 шекше метр . Жарылыс жұмыстарын жүргізуі Наурыз айының соңы сәуір айының басына  жоспарланған дейді» , –  «Қapacy ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділхан Ахмеров.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Қарасулық азамат үй иесін өрттен аман алып шықты

Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты. (далее…)

2 дня ago

Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды

Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…

3 дня ago

Уроженец Карасуского района внёс значительный вклад в признание Казахстана на международном уровне

Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)

3 дня ago

Қарасуда қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтіп жатыр

Аудан көлеміндегі ауқымды спорт сайысы осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтерді. (далее…)

2 недели ago

Имя карасулянина выгравировано на мемориальной стене главного монументального сооружения в Астане

Подвиг 19-летнего Юрия Мельничёнка стал скорбной и почётной частью истории страны. (далее…)

2 недели ago

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.