Қарасуда өткен «Таза жағалау» акциясы

Аталмыш игі бастамаға аудан тұрғындарыда үлес қосса екен

Жайма шуақ жаздың келісімен көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясы мен жанға жайлы самал жел есетін өзен жағаларына асығатыны баршамызға белгілі.  Көбіне өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай, өзен жағалауларын ластап кетіп жатады.

Осы орайда Қарасу аудандық жастар ресурстық орталығы мен  еріктілер және «Nur Otan»  партиясының Қарасу аудандық филиалы  өкілдерінен құрылған белсенді жастар тобы  «Таза жағалау» акциясын өткізді.

Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған акцияға жоғарыда аталған орталық, ауданның тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамайтын ерікті жастар және «Nur Otan»  партиясының қызметкерлері  ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс істеді.

Өзеннің жағасы – қарасаң, көз тоймайтын көрініс. Күн ысыған кезде қарасулықтардың көбі осында келіп демалғанды жаны сүйеді. Тұрғындар тамаша табиғатқа тамсанып, күнделікті күйбің тіршіліктен бір сәтке болсын тынығады.

Алайда, тынығып қана қоймай, маңайды ластап кететіндері бар.

“Бала, баланың ісі шала” дейін десек келмейді-ау, сірә. Осыны жасайтын ересектердің өзі. Жастар да қалыс қалып жатқан жоқ. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында қолына қолғап пен қап ұстаған бастамашыл топ  айналаны қалдықтан тазалап жүр. Іске білек сыбана кірісіп кеткен.

«Тұрғындарын тазалық сақтауға шақыратын едім. Табиғатты аялап, өздері отырған жерді таза ұстаса жақсы болар еді. Бұл өзіміздің және балаларымыздың денсаулығына пайдалы», -дейді «Nur Otan»  партиясының Қарасу аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов.

Қаптап жатқан құтылар мен бір реттік ыдыстар. Өзен жағасында самсап жатқан қоқыстың басым бөлігі пластик пен полиэтиленнен жасалған. Бұл дүниелердің табиғатқа келтірер зияны көп. Өзінен улы затты бөліп қана қоймай ыдырауы да жарты ғасырлық уақытты алады екен. Сондықтан, тазалап жатқандар әсіресе, осы заттардың көзін жоюда.

Тазалық жұмыстары барысында Қарасу ауылындағы жағажай аумағы қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жаңғырып қалды. Су бетіне қалқып шыққан түрлі сусындардың бос құтылары, жағалауға тасталған қалдықтар жиыстырылды.

«Бұл  өзен жағасына демалуға келген біздің жерлестеріміз нақтырақ айтсақ ауыл тұрғындардың салғырттығы. Жиналған қоқыстарға қарап өз тауған жерінің, Отанының  табиғаттын аяламайтындарын көрсетеді.

Егер демалушылар қоршаған ортаның тазалығын ойлайтын болса, осыншама қоқыс болмас еді.

Сондықтан біз осы акция арқылы жұртшылықты тазалық сақтауға шақырамыз», – дейді  Қарасу аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Руслан Омаров.

Ерекше бір тоқтала кетер жайт, осынау игі  бастама Қарасу ауданында жыл сайын дәстүрлі түрде өтуіне мұрындық болуда.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Карасуская сборная стала бронзовым призёром среди футбольных команд областного региона

В очередной раз карасуляне отличились в мини-футболе, продемонстрировав технически грамотную игру и сыгранность членов команды,…

3 часа ago

Карасуские молодёжные активисты приняли участие в масштабном обучающем мероприятии

Семинар-тренинг прошёл в городе Косшы Акмолинской области, куда съехались представители Молодёжных ресурсных центров из всех…

1 неделя ago

Қарасу ауданындағы Октябрь ауылында төрт көше жөнделеді

Биыл ауыл ішіндегі төрт көшенің жолы орташа жөнделетін болды. Оған облыстық бюджеттен 169 млн теңге…

1 неделя ago

Қарасу ауданындағы Октябрь ауылында төрт көше жөнделеді

Биыл ауыл ішіндегі төрт көшенің жолы орташа жөнделетін болды. Оған облыстық бюджеттен 169 млн теңге…

1 неделя ago

Мошенники продолжают обогащаться за счёт не проявивших осторожность граждан

Отсутствие бдительности карасуские правоохранители называют главной причиной, по которой граждане становятся жертвами мошенников. (далее…)

2 недели ago

Незаурядным способом коллектив карасуской школы проявил уважение к военной славе сограждан и земляков

В рамках проекта «Музейная педагогика», который активно реализуется в школе им. Абая с 2017 года,…

4 недели ago

This website uses cookies.